Пайғамбарларға иман - Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету - олардың Ұлы Жаратушы тарапынан арнайы таңдалып, елші етіп жіберіл- гендіктеріне және олардың жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз. Алла Тағала мұсылмандарға жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарларға иман етуді бұйырады. Яғни, Құранда аты айтылған пайғамбарлардың кейбіреуіне иман етіп, кейбіреуіне сенбеуге қатаң тыйым салынады. Біз, мұсылмандар, өзіміздің соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла Тағала тарапынан жіберілген арнайы елші екеніне қалай иман келтірсек, басқа пайғамбарларға да дәл солай иман келтіреміз. Құранда: «Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады...», 12 - делінеді Жер бетін нұрландырып, адамзатқа тура жолды нұсқап, ақиқат пердесін ашып, екі дүние бақытын көрсету үшін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген жалпы пайғамбарлардың толық әрі нақты саны бір Аллаға мәлім. Құранда тек жиырма бесінің аты аталған. Құранда есімі көрсетілген Узайр, Луқман, Зулқарнайн атты үш кісінің пайғамбар яки үлкен әулие екендігі жайлы ғұламалардың арасында әр түрлі пікір бар.
Жер бетіне жіберілген барлық пайғамбарлар арнайы бір қауымға белгілі бір уақыт үшін ғана келсе, әз елші Мұхаммед (с.а.у.) қияметке дейінгі барлық адамзат үшін ақырғы пайғамбар ретінде жіберілуімен ерекшеленеді. Ол (с.а.у.) өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың
12
Ниса сүресі/136.
67
-----------------------------------------------------Page 67-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
ерекшеліктері мен мәртебелеріне ие болса, Оның (с.а.у.) алып келген ислам діні алдыңғы барлық діндердің мән-мазмұнын қамтиды. Пайғамбарлық міндеті оның елшілігімен нүктеленгендіктен одан кейін ешбір пайғамбар келмек еме с. Алла елшісі (с.а.у.) келгеннен кейін барлық пайғамбарлардың алып келген діндерінің үкімі тоқтады.
Құранда аты аталған пайғамбарлар
1. Адам (а.с.) 2. Идрис (а.с.) 3. Нух (а.с.) 4. Һуд (а.с.)
5. Салих (а.с.)
6. Ибраһим (а.с.) 7. Лут (а.с.)
8. Исмайл (а.с.) 9. Исхақ (а.с.)
10. Шуғайб (а.с.) 11. Яқуб (а.с.) 12. Юсуф (а.с.) 13. Әйюб (а.с.)
14. Зулкифл (а.с.) 15. Юнус (а.с.) 16. Мұса (а.с.) 17. Һарун (а.с.) 18. Иляс (а.с.)
19. Әлиаса (а.с.) 20. Дәуід (а.с.)
21. Сүлеймен (а.с.) 22. Зәкария (а.с.) 23. Иахия (а.с.) 24. Иса (а.с.)
25. Мұхаммед (с.а.у.)
68
-----------------------------------------------------Page 68-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Адам баласы - санасы мен ерік-қалауы бар жараты- лыс. Қалаған нәрсесін сөйлеп, қалаған жағына бара ала- ды. Жалғыз емес, қоғам болып өмір сүреді. Басқалармен үнемі қарым-қатынас, байланыста. Бойында әр түрлі қасиеттердің көзі бар. Тас сияқты қатты, мақта сияқты жұмсақ та бола алады. Мейірімді де, қатігез де бола ала- ды. Ал басқа жаратылыс олай емес. Мысалы, арыстан әрқашан жыртқыш, ал қой үнемі жуас, момын. Алма ағашында өрік, өрік ағашында алма өспейді. Қарға бұлбұл секілді ән салып, бұлбұл қарғадай қарқылдай алмайды. Өйткені барлығы өзгермейтін тұрақты қасиеттерге ие. Ал адам жақсы-жаман әр түрлі қасиеттерді бойында жи- най алатындай кейіпте жаратылған. Иман етуі де, етпеуі де өз қолында. Қаласа сауатсыз, қаласа ғалым бола ала- ды. Тілінен туралық та, жалған да шығуы мүмкін. Қолын қанға былғап, қатігездікте жыртқыштарды да артқа қалдыруы мүмкін. Дәл осы адам мейірімділікті ту етіп, шартарапқа бейбітшілікті жаюы да ықтимал. Міне, адам баласы осындай түрлі қалау мен сан алуан қасиеттердің иесі болғандығы үшін мына дүниеде ол үшін сынақ әрі ана дүниеде жәннат, тозақ бар. Міне осындай әр түрлі жолға бағыт бұруға бейім адам үшін тура жолды көрсететін, әлемнің сырын ашып, оның қайдан пайда болғанын, кімнің жаратқанын, жаратылуындағы негізгі мақсат- міндетін түсіндіріп, жауабына қол жеткізе алмайтын небір сұрақтарына қатесіз жауап беретін, әрбір ісінде үлгі бо- латын шамшырақ керек. Ол - Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген пайғамбарлар екені шүбәсіз. Жалғыз ғана ақыл бұларды еш қатесіз, кәміл түрде шешуге жеткілікті емес. Дін нұрын шырақ тұтпаған небір зерек ақылдылардың, атақты пәлсапашылардың жаратылыстың сырын аша ал-
69
-----------------------------------------------------Page 69-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
май орта жолда шаң қауып қалғаны немесе қате түсініп адасқаны, адасып тығырыққа тірелгенде ақылынан айы- рылып, жынды болып кеткеніне тарих куә.
Иә, адамның бүгін тура дегені ертең қате болып жа- тады. Бұған күн сайын өзгеріп отырған сансыз «измдер» дәлел. Дәлірек айтсақ, көбіне «ақыл» адамды тек біржақты бағалайды. Ақылдың ойлап тапқан «коммунизм» секілді басқа «измдер» де адамды тек материалдық тұрғысынан әрі осы дүниемен шектеп қана қарастырады. Оның ру- хани жан дүниесін және мәңгілік екінші дүниесін ұмыт қалдырады. Міне, дін адамды һәм рухани, һәм заттық, һәм екі дүние таразысының басын тең ұстап бағалағандықтан, адам дінге, дінді жеткізетін пайғамбарларға әрдайым мұқтаж. Діні жоқ ешбір қауымның жоқтығы осының белгісі. Қысқасы, Құран тілімен айтқанда: «Жаратушы жаратқанын білмейді ме?» 13 .
- Егер пайғамбарлар келмегенде Ұлы Жаратушы- ны толық, кемел сипаттарымен қатесіз тану мүмкін бол- мас еді. Жаратушы деп түкке тұрмайтын нәрселерге құлшылық жасап, табынуы әбден мүмкін. Пайғамбарға сенбеген қауымдардың жаратушы деп өз қолдарымен жасаған пұттарға, Ай, Күн, жұлдыздарға сыйынғандары, міне, осы тұсты айқындай түседі.
- Адамның ақылы «Дүниеге не үшін келдім? Міндетім, мақсатым не? Жаратушым менен нені талап етеді?» деген сұрақтардың жауабына жете бермейді. Адам «өзін мақсатсыз, басым бос» деп пайымдайды. Жақсы-жаман, адал-арам деп талғамай, қалағанын істейді. Сондықтан адамға жаратылуындағы мақсатын, адамдығына сай міндетін түсіндіріп, Ұлы Жаратушысының бұйрықтары мен тыйымдарын жеткізетін пайғамбарлар керек.
13
Тәбарак сүресі/14
70
-----------------------------------------------------Page 70-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
- Адам баласына өлімінен кейінгі құбылыстар мүлде беймәлім. Сондықтан пайғамбарлар адамға өлгеннен кейін қайта тірілетіндігін, дүниеде істеген әрбір ісінен сұрақ алынып, жәннатпен марапатталып яки тозақпен жа- заланатынын түсіндіріп, ескерту үшін жіберілген. Пайғамбарлардың жіберілу мақсатының бірі - үмбеттеріне қайталанбас үлгі-өнеге көрсету. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Міне, солар (пайғамбарлар) нағыз Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де олардың тура жолына ілес!» 14 - делінсе, басқа бір аят- та: «Расында, сендерге, Алладан және ақырет күнінен үміт еткендер мен Алланы көп зікір еткендер үшін Алланың Елшісінде жақсы үлгілер бар», - делінеді 15 . Пайғамбарлар - біз үшін жолбасшы әрі имам. На- мазда имамға ұйығанымыздай, өмірдің әр қадамында Оны үлгі тұтып, Оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы- найы өмірді пайғамбарлар ғана көрсете алады. Исламның алғашқы дәуірін көргендер Алла елшісінің (с.а.у.) қас- қағым сәттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан үлгі-өнеге алып отырған.
- Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе-теңдігін құру үшін келген. Олардың әкелген тепе-теңдігімен адам баласы өмір жолының астамдығы мен нұқсандығынан құтылып, дұрыс бағытын табады. Бұл - поптар мен мо- нахтардай дүниені тәрк етіп, монастырларға қамалып, елден бөлектену, тұмшаланған әлемге кіріп, ғұмыр бойы жалғыз өмір сүру еме с, керісінше, үнемі орта жолдан ай- рылмай, дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай тепе-теңдік сақтай ғұмыр кешу. Бұл - уахидың (Алла- дан келген хабар) нұрлы әлемінде ғана қол жеткізуге болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым
14 15
Әнғам сүресі 90-аят. Ахзап сүресі 21- аят.
71
-----------------------------------------------------Page 71-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы әсте мүмкін емес. Құран Кәрім осы тепе-теңдік жайында: «Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет жұртын іздеп, соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла саған жақсылық еткендей, сен де өзгелерге жақсылық істе. Сондай-ақ, жер жүзінде бүлікке ілеспе. Күдіксіз Алла бүлікшілер мен содыр- ларды жақсы көрмейді» 16 - дейді 17 .
- Ақыретте «бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды көрсеткеніңде адаспайтын едік» деп сылтауға басқысы келетіндердің аузына құм құйылуы үшін, оларға хақ пен нахақты түсіндіріп, жеткізетін пайғамбарлар жіберілген. Осылайша сылтауларының алды алынған. Бір аят бұл мәселені былай баян етеді: «Елшілерден кейін Аллаға ай- тар желеуі болмас үшін пайғамбарларды сүйіншілеуші әрі ескертуші етіп жібердік: Алла Азиз (аса үстем), Ха- ким (хикмет иесі)» 18 .
Пайғамбар сипаттары
Адамзат пайғамбарларға қарап, жалпы істерінде бағыт түзеп, бағдар алады. Олар - адамға әрбір істе қайталанбас үлгі, ізгілікте қол жетпес биік шың, адасқанға жол сілтейтін жарық жұлдыз. Адамзат үшін осындай асыл міндеттермен жүктелген пайғамбарлардың бойында міндетті түрде табылуы тиіс сипаттар бар. Бұлар бесеу: 1. Исмәт. Барлық пайғамбарлар пайғамбарлық міндетпен жүктелмес бұрын да, кейін де барлық күнә атаулыдан пәк. Қысқасы, күнә пайғамбардың түсіне
16 17
18
Қасас сүресі 77-аят.
М. Фатхуллаһ, Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул- инсания, муассисатул-Рисәлә, 1-том, 69-77 бет. Бәйрут. ауд: Ахмет Әшен.
Ниса сүресі 165-аят.
72
-----------------------------------------------------Page 72-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
де кірмейді. Егер адамзатқа тура жолды көрсетіп, әрбір істерінде шамшырақ, үлгі болу үшін жіберілген пайғамбарлар да күнә істейтін болса олардың артынан ешбір адам үмбет болып ермес еді. Міне, сондықтан барлық пайғамбарлар күнә атаулыдан Ұлы Жаратушы та- рапынан арнайы қорғалған.
2. Сидқ. «Туралық» деген мағынаны білдіреді. Бар- лық пайғамбарлар сөйлеген әрбір сөздері мен істеген әрбір ісінде туралықты ту етеді. Олар ешқашан болған жайды бұрмалап айтпайды. Қандай жағдай болса да, ешқашан жалған сөйлемейді. Раббысының баянын жеткізетін пайғамбардың жалған сөйлеп, халық алдындағы сенімділіктерін аяққа таптауы, осылайша өз міндеттеріне ақау келтіруі мүмкін емес.
3. Аманат. «Сенімділік» деген мағынаны білдіреді. Әрбір пайғамбар адамдар арасындағы ең сенімді тұлға. Ешкімді алдамайды, ешбір аманатқа иненің жасуындай да қиянат жасамайды. Қысқасы, пайғамбарларды жер бетіне сенімділікті орнату үшін жіберілген сенімділіктің жарқын үлгісі.
4. Фәтәнат. «Тек қана пайғамбарларға тән зеректік, ерекше зейінділік» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың дінін жеткізуші барлық елшілер пайғамбарға ғана тән ерекше зейінге, асқан зеректікке ие. Себебі, пайғамбарлық - өте ауыр міндет. Қоғамдағы өте зерек, әрі оқыған білгір ғалымдарға, түрлі қабілетке ие тұлғаларға Алланың баянын жеткізіп, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап беру үшін еш күмәнсіз бұл міндетпен жүктелген пайғамбарлардың ерекше зейін, зерек қисынға ие болуы ләзім.
5. Тәблиғ. «Жеткізу» деген мағынаны білдіреді. Барлық пайғамбарлар Алладан алған уахиді еш өзгертіп- бұрмаламастан қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Құранда
73
-----------------------------------------------------Page 73-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
бұл турасында былай делінеді: «Уа, Расулым! Саған түсірілгенді адамдарға жеткіз. Егер мұны орындамасаң, елшілігіңді (пайғамбарлық миссияңды) жеткізбеген боласың...»