Ислам асыл дініміз

Әйел адамға шариғатта не нәрселерге тыйым салынған. Намазды  жаңадан бастап оқығанда неден бастаған дұрыс?

Ақбота

Сәлеметсіз. Әйел ақысы. Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген: «Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім».

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:
«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим)

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны». (Тирмизи)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам.  Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін». (Нәсаи)

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды».  (Мүршид-ун-ниса)

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды». (Табарани)
«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады. 

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды». (Ниса 34)

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим)

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)

Мұсылман әйел сауда-саттық, ғылым, егіншілікпен айналысуға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істей алады.

Тек бұлармен шұғылдануда харамдардан сақтануы шарт. Харам істей отырып еңбек етуге де ғибадат жасауға да болмайды.

Күйеу ақысы

Еркектің де ақылары көп. Әйел күйеуімен жақсы мәміледе болуы керек!

Заманымыздың жмыс істеу шарттары өте ауыр, ақша табу өте қиын. Жұмыс ұжымындағы ара-қатынас та шиеленісіп жатады. Еркек көбінесе осындай ауыр жағдайлардан күйзеліп қиыншылық тартады. Шаршап-шалдығып, стреске ұшырап, үйіне әбіржіген күйде келеді. Ендігі бұл жағдайды түзеу, қиыншылықтарын ұмыттыру, оның көңілін көтеру, оған көмекші болу, қолдау әйелдің мойнына түседі. Осындай жағдайда үйге келген күйеуі ең азынан жылы шыраймен жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері әрекеттері де өзгереді. Ислам ғалымдары «үйінде тыныштығы болмаған еркек дүние Жаһаннамында жүргенмен тең» деген. 

Ислам ғалымдары «шайтан кәпірлермен емес, Мұсылмандармен әлек» деген. Нәпсіміз қатты құтырады. Қалай құтырады? Орануға, намазға, дұрыс сенімге қарсы құтырады. Шайтан әскерлерін таңертеңгісін жіберіп кешке есеп алады екен. Біреуі намазын бұздырдым десе, жарайды депті. Біреуі оразасын бұздырдым десе, оған да жарайды депті. Біреуі харам жегіздім дегеніне де жарайды депті. Басқа біреуі күйеуімен әйелін араздастырдым дегенде шайтан қуанып, орнынан атып тұрып, жарайсың депті, маңдайынан сүйіп, ең үлкен істі сен атқардың, араздасатын болса қалғанының бәрі уақыт өтуімен бұзылады деген екен.

Сондықтан әрдайым сақ жүру керек, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу керек.Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Қияметте Аллаһу та’ала күйеуін тіліменен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын етіп мойнына орайды. Күйеуіне жаман көзбен қараған әйелді басы кесілген, денесі бөлшектенген күйге айналдырады.»(Шира). Хадис шәрифте былай бұйырады: 

«Жаннатта әйелдердің аз болғанын көрдім. Себебін сұрадым “Оларды алтын және әшекей бұйымдары алдандырды” деді.» (И. Ахмет)

«Егер күйеулеріне күфрани нимет етпегенде, намаз оқыған әйелдер дереу Жаннатқа кіретін еді».  (Шира)

«Жаһаннам халқының көпшілігін әйелдер құрайтынын көрдім. Себебі көп лағынет айтып күйеулеріне қарсы күфрани нимет етуі». (Бұхари)

«Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сендердің мойныңдағы менің ақым секілді. Олай болса күйеуінің ақысын орындамаған әйел, Аллаһу та’аланың ақысын орындамаған болады».  (Шира)

«Әйелдің ең үлкен міндеті күйеуінің ақысын орындау, ал еркектің міндеті анасының ақысын орындау.» (Хаким)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болып бір-бірлерінің разылығын алуға тырысуы керек.

Ипотека алуға болады ма? Және бір сұрағым бірнеше жыл бұрын сауда ісін бастайын деп, кредит алғанмын, қазір алхамдулиллях табыс тауып отырмын сол саудадан және сол сауданың табысынан зекет, садақа беремін. Білмей істедім деп те айта алмаймын. Өйткені, сол шаруаны бастағанымда намаз оқитын едім. Осы істеп жургенім дұрыс па?

Шыңғыс

Пайызға ақша алу, беру харам. Бірақ ғалымдар тек үй үшін ғана  рұқсат берген. Алсаңыз болады. Екіншіден, алған кредитіңізді ертерек жауып құтылу керек. Ол ақшадан садақада,  зекет те бере аласыз.  Жұмысыңызды  ары қарай жалғастыра беріңіз.

"Ашура" жайында толык ақпарат бере аласыздар ма? Биылғы уақытын, маңызын және оразаны қанша уақыт ұстау керек.

Айгерім 

Осы демалыс күнінендүйсенбіге қараған түн аура түні.  «Ашура күнінің оразасы өткен бір жылғы істелген күнәдан арылтады» деген.Тағы бір риуаятта: «Ашура күнінің оразасы өзінен алдыңғы бір жылғы істелген күнәдан арылтады» деген хадис бар.  Сахабалар мұхаррам айында, соның ішінде ашура күні ораза тұтуға аса мән беретін және басқаларды да соған үгіттейтін еді. Ибн Аббас ﴾р.а.﴿: «Тоғызыншы және оныншы ашура күні ораза тұтып яһудилерден өзгешеленіңдер!» Қорыта айтқанда «Мұхаррам» айы мен «Ашура» күні қасиетті дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Хадис кітаптарында бұл күннің «Ашура» деп аталуының тағы бір сыры бұл күні Алла Тағала он пайғамбарға он түрлі сый берген деседі. Олар:

1.Мұса ﴾а.с.﴿ пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып,  Перғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.

2.Нұх ﴾а.с.﴿ пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.

3.Юнус ﴾а.с.﴿ пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.

4.Адам ﴾а.с.﴿ пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

5.Юсуф ﴾а.с.﴿ пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.

6.Иса ﴾а.с.﴿ пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.

7.Дәуіт ﴾а.с.﴿ пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

8.Ибраһим ﴾а.с.﴿ пайғамбардың ұлы Исмаил ﴾а.с.﴿ пайғамбар осы күні дүниеге келген.

9.Якуб ﴾а.с.﴿ пайғамбар ұлы Юсуф ﴾а.с.﴿ үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.

10.Айюб ﴾а.с.﴿ пайғамбар науқасынан осы күні айыққан.

Сәресі уақты таңғы 6 00 дейін кешке ауыз ашар уақты 18 18 де ашасыз. Қабыл болсын.

Қыз баласы құран оқытуға қай уақытта барғаны жөн?

Жансұлу 

Мешітке құран оқытуға болса таң ертең сағат 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін оқытсаңыз болады. Ал мердеседе арабша хат танимын десеңіз келіп, әйел ұстаздарға жолығасыз.

Кахри кулл, Киями саадат т.с.с дуғалар жайлы толык мағлұмат берсеңіздер. Көп жерлерде аудармасы жоқ екен.

Шолпан

Толығырақ жазыңыз. Бұл сөздердің мағынасы «Жамандықтың кетуі», «Жақсылықтың келуі» деген сөз.

Мен студент едім. Осы жаздың соңынан бастап намаз оқып бастап едім. Таң намазына қатысты алаңдатып жүрген бір мәселем бар еді. Қыста таң намазы сағат 7 ден асқанда окылады емес пе? Мен  ауылда тұрамын, сабаққа екі автобуспен барамын. Ауылымнан автобусқа дәл 07:30 да отыруым керек. Қазір намазымды 06:30-дан бастап дәрет алып,  07:00 болғанша окып жүрмін. Алаңдайтыным, қыста осы уақытта оқи алмаймын. Сағат 7-ге дейін оқып болуым керек еді. Қыста намаз уақыты кірмесе де оқи берсем болады ма, жоқ әлде қаза қылып сабақтан келген соң оқуым керек пе?  

Айдана 

Аллаһ қабыл етсін. Намаздардың кіретін және шығатын уақтын білгеніңіз жөн. Қазір таң намазы 06:12-де кіреді, 07:45-те шығады осы арлықта оқысаңыз болады.

Таң 6:12

Күн7:45

Бесін12:59 

Екінті16:29

Шам18:18

Құптан 19:42-де кіреді. Алғашқы  және соңғы уақыттары бар осыған қарай оқыңыз. Кірген уақтында оқып сабағыңызға бара беріңіз.

Алдағы Мұхаррам айының Ашура күні туралы білгім келеді. Оның оразасы туралы айтсаңыздар. Парыз оразаны осымен қосып қазасын ұстауға да бола ма? Әлде парыздың қазасын бөлек ұстаймын ба?

Нəжімеден

Осы демалыс күнінен дүйсенбіге қараған түн ашура түні «Ашура күнінің оразасы өткен бір жылғы істелген күнәдан арылтады», тағы бір риуаятта: «Ашура күнінің оразасы өзінен алдыңғы бір жылғы істелген күнәдан арылтуын. Сахабалар мұхаррам айында, соның ішінде ашура күні ораза тұтуға аса мән беретін және басқаларды да соған үгіттейтін еді. Ибн Аббас ﴾р.а.﴿: «Тоғызыншы және оныншы ашура күні ораза тұтып яһудилерден өзгешеленіңдер!» Қорыта айтқанда «Мұхаррам» айы мен «Ашура» күні қасиетті дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Хадис кітаптарында бұл күннің «Ашура» деп аталуының тағы бір сыры бұл күні Алла Тағала он пайғамбарға он түрлі сый берген деседі. Олар:

1.Мұса ﴾а.с.﴿ пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Перғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.

2.Нұх ﴾а.с.﴿ пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.

3.Юнус ﴾а.с.﴿ пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.

4.Адам ﴾а.с.﴿ пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

5.Юсуф ﴾а.с.﴿ пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.

6.Иса ﴾а.с.﴿ пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.

7.Дәуіт ﴾а.с.﴿ пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

8.Ибраһим ﴾а.с.﴿ пайғамбардың ұлы Исмаил ﴾а.с.﴿ пайғамбар осы күні дүниеге келген.

9.Якуб ﴾а.с.﴿ пайғамбар ұлы Юсуф ﴾а.с.﴿ үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.

10.Айюб ﴾а.с.﴿ пайғамбар науқасынан осы күні айыққан.

Сәресі уақты таңғы 06:00 дейін, кешке ауыз ашар уақты 18:18 де ашасыз. Қабыл болсын. Парыздың орны бөлек. Ертерек парыз амалын орындаңыз. Кейін нәпіл орындалады.

Ассаламуалейкум! Жолдасымның нағашы әжесі бар 86-87 жас шамасында. Қазір  екі көзі көрмей қалды, намаз оқуға шамасы жоқ. Дәрет алуым қиын дейді. Ол кісіге намазды отырып болса да оқу керектігін айтып жатырмыз. Сол себепті таяммум алып оқи берсе бола ма және  таяммумның тәртібін айтсаңыздар. Алла разы болсын!

Сони 

Уағалейкум сәләм! Ол кісі таяммум алып оқиды. Дәретті  бұзатын нәрселер таяммумды да бұзады. Намазды отырып оқиды. Алла жеңілдік берсін. Таяммум алудың тәртібі төмендегідей:

Егер де кімде-кім сумен дәрет алған жағдайда ауырып қалатындай, ауруы күшейіп, өліп кететіндей болса немесе су табылмаған жағдайда, оған таяммум алуға рұқсат екендігі жайында Аллаһ Тағала айтты: “Ал егер ауырсаңдар не сапарда болсаңдар, егер қайсыбірің әжетханадан шықсаңдар не әйелдермен жақындассаңдар және су таппасаңдар, таза жерге қарап, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер (таяммум)”.

 (әл-Маида сүресі, 6аят).


Жәбир ибн ‘Абдуллаһ (оған Аллаһ разы болсын) былай деген: “Бір күні жорықтардың бірінде бір адам тасқа басын жарып алды, сосын түсінде поллюция (мәни бөлінді) болып, сода кейін серіктерінен: “Таяммум алуыма болады ма?”, деп сұрады. Олар айтты: “Саған ғұсыл алудан басқа шешім көріп тұрған жоқпыз”. Сонан соң ол ғұсыл алды да қайтыс болды. Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, болған жайтты айтып бергенімізде, ол былай деді: “Олар оны өлтірді, Аллаһ тағала оларды құрымға кетірсін! Сонда олар білмеген нәрселерін неге сұрай алмады?! Расында, білімсіздіктің емі сұрақ!”. Абу Дауд 336, ад-Дарақутни 1/69. Имам Ибн ас-Саккан және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

‘Амр ибн әл-‘Ас (оған Аллаһ разы болсын) айтқан: “Бір күні Зат ас-Сәләсил жорығы кезінде қатты суық күні менде поллюция болды. Егер де ғұсыл алсам, өлем ба деп уайымдадым. Сондықтан, мен таяммум алып, серіктеріммен бірге намаз оқыдым. Сосын олар бұл жайында Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып берді, ал ол маған: “Уа ‘Амр! Сен жүніп бола тұра серіктеріңмен намаз оқыдың ба?”, – деді. Сонда мен болған жағдайды айтып бердім де, тағы былай дедім: “Расында, мен Аллаһ тағаланың сөзін естідім: “Өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге Мейірімді” (ан-Ниса 4: 29). Ал Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күлді де, маған ештеңе деген жоқ”. Абу Дауд 334, ад-Дарақутни 693, аль-Байһақи 1110. Хадистің сенімділігін имам Ибн Хиббан, хафиз Ибн Хажар және шейх әл-Әлбани растаған.


Сонымен, кім дәрет алуға су таппаса немесе суды қолдану оған зиян алып келетін болса, мысалы, ауру адамның суды қолдануы оның ауруын күшейтіп немесе жазылуына кедергі болса және т.б., немесе су суық болып, оны жылытуға мүмкіндік болмаған жағдайда, Имам ан-Науауи мен аш-Шаукани жеткізген бірауызды келісім (ижма’) бойынша, оған таза жермен тазалануына рұқсат етіледі. «әл-Мажму’» 2/300, «Найл әл-аутар» 1/301. 
Алайда заманымыздың фақихі – Шейх Ибн ‘Усаймин ыңғайсыздық пен суды пайдалағаннан денсаулыққа зияны тиюі арасында айтарлықтай айырмашылық бар екендігіне ескерту жасаған. Өйткені, жәй ыңғайсыздық таяммум алуға заңды себеп бола аламайды. «Мажму‘ фатауа Ибн ‘Усаймин» 7/241.

 

Қандай жермен таяммум алуға болады?
“… таза жерге (cа’ид) қарап, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер (тәйяммум)”.

(әл-Маида, 6 аят). 


Қандай жермен таяммум жасауға болатындығында ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Алайда, аятта қолданылған “са’ид” сөзі топырақтың кез келген түрін білдіреді. Сондықтан, тазалануға кез келген таза жерді және таза топырақты, онда құм болмаса да қолдануға болады. «әл-Мисбах әл-мунир» 340, «Тафсир ат-Табари» 15/196.
Шейх ‘Усайминнен, ауру адамға, егер ол таза жер таппаса, тазалану үшін үй қабырғасын немесе үй жиһазын қолдануына бола ма?, – деп сұрады. 
Шейх: “Егер де қабырға жерден салынған болса, мейлі ол тас немесе лай болсын, онымен тазалануға болады. Ал егер қабырға ағашпен немесе бояумен қапталған болса, және онда шаң-тозаң болса, онымен де тазалануға болады, және мұнда ешқандай проблема жоқ. Бұл жермен тазаланған сияқты, себебі шаң-тозаң жердің бөлігі болып табылады. Ал егер онда шаң-тозаң болмаса, онда ол жер болып саналмайды да онымен тазалануға болмайды. Ал жиһазға келсек, егер де онда шаң-тозаң болса, онымен де тазалануға болады, ал шаң-тозаң болмаса, онымен тазалануға болмайды, себебі жер болып саналмайды”, – деп жауап берді. «Фатауа ат-таһара» стр. 240.
Ханафи ғалымдары да осы пікірде. «Бадаи’ ас-санаи’» 1/53.

 

Таяммумді қалай дұрыс алу керек?


Жермен тек бет пен қолдарды білекке дейін сүрту керек, бұған Құран мен Сүннет дәлел. 
Аллаһ тағала айтты: “… таза жерге қарап, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер (таяммум)”. (әл-Маида, 6 аят). 
Аллаһ тағала бұл аятта қолды айтты, алайда оған: “… беттерің мен қолдарыңды шынтақтарына дейін жуыңдар”, деген секілді қосымша түсіндірме берген жоқ. Ал қол жайында қосымша түсіндірмесіз айтылса, онда қолдың білекке дейінгі жерін ғана білдіреді. Бұған Аллаһ тағаланың мына сөзі дәлел болады: “Ұры мен ұрыға (әйел) қолын шабыңдар”. (әл-Маида, 38 аят).
Және де ұрлыққа қолдың білекке дейінгі жері шабылу керек екендігінде барлық ғалымдар бірыңғай келіскен. 
Сонымен, бұл қасиетті уахи, қолды білекке дейін ғана сүрту керек екендігіне дәлел бола алады және егер де білектен жоғары сүрту қажет болғанда, Аллаһ тағала міндетті түрде баяндар еді. 
Сондай-ақ, бұған жермен тазалануды толығымен сипатталған сахих хадистер дәлел бола алады. Са’ид ибн ‘Абдур-Рахман ибн Абза өзінің әкесінен риуаят етеді: “Бір күні ‘Умар ибн әл-Хаттабқа бір адам келіп: “Расында, мен жүніп болдым да тазалануға су таппадым”, – деді. Бұны естіген ‘Аммар ибн Ясир ‘Умар ибн әл-Хаттабқа айтты: “Бір күні екеуміз сапарда болып, сен намаз оқымадың да (судың жоқтығынан), ал мен құмға аунағаным есіңде ме? Сосын мен бұны Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айттым,ал ол: “Расында, былай жасасаң жеткілікті еді”, – деді де, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алақандарымен жерді жәй ғана ұрып, оған (алақандарына) үрді, сосын беті мен қолдарын сүртті”. әл-Бухари 338. 
Бұл хадистің Имам Муслимнің нұсқасында: “Бір күні пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мені тапсырмамен бір жерге жіберді. Сосын түсімде менде поллюция болды. Содан кейін, су таппай жануар секілді құмға аунай бастадым. Қайта оралған соң пайғамбарымызға осы жайында айтып бердім, ол айтты: “Саған қолдарыңмен былай істесең жеткілікті еді”. Ол алақандарымен жерді бір рет ұрды да, ал сол алақанын оң алақанымен сүртті, содан кейін қолының тыс жағы мен бетін сүртті”. Муслим 368.
Осы хадистер таяммум алғанда бір рет қана алақандармен жерді ұрып, олармен бетті сүртіп және білектің тыс жағы мен алақан бөлігін сүрту керек екендігіне бірден-бір дәлел болып табылады. Ал қолдарды шынтаққа дейін немесе қолтыққа дейін сүрту жағдайына келсек, бұл тақырыпқа қатысты хабарлардың барлығы әлсіз. «Фатх әл-Бари» 1/530.
Сондай-ақ. бұл хадистерде таяммум алу үшін жерді тек бір рет қана ұру, сосын барып бет пен қолдарды сүрту керек екендігіне нұсқау бар. 
Ал: “Таяммум жерді екі рет ұрумен жасалады – біреуі беті үшін, екіншісі шынтаққа дейінгі қол үшін” әл-Хаким 1/179, әл-Байһақи 1/207 деген хадис болса, әлсіз болып табылады. Жерге бір реттен артық ұру керек екендігін растайтын ешқандай сахих хадис жоқ. “Сахих фиқху-Сунна” 1/203.

Сондай-ақ таяммум алудың алдында “бисми-Лләһ” сөзін айтуға байланысты да ешқандай нұсқаулар жоқ. ад-Дыбйән, «Ахкам ат-Таһара» 12/359-366.

 

Таяммум алған кезде қайсысын бірінші сүрту керек – бетті ме, әлде қолды ма?


Бұл сұрақта ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Кейбіреулері алдымен бетті, сосын қолдарды сүрту тәртібімен орындау уәжіп деп санаған. Бұл шафи’иттер мен ханбалиттердің пікірі. “Муғни әл-мухтаж” 1/99, “әл-Инсаф” 1/287.
Бұл пікірдің жақтастары, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл тақырыптағы хадистердің барлығында алдымен бетті, сосын қолдарды сүрткендігіне сүйенеді. Ал имам Муслимнің пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) керісінше, бірінші қолдарын сүртті деген нұсқасына келсек, бұл жеткізушінің қателігі болып табылады. Имам Ахмад былай деген: “әл-А’маш жеткізген пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші қолдарын, кейін бетін сүртті деген Абу Му’ауияның нұсқасы қате болып табылады”. Ибн Ражаб, “Фатх әл-Бари” 2/292. Екінші пікір бойынша, таяммум алғанда тәртіпті ұстану уәжіп емес және де сүртуді қолдан немесе беттен бастаудың еш айырмашылығы жоқ. Бұл ханафиттердің, маликиттердің және ханбалиттердің бір пікірі болып табылады. “әл-Мабсут” 1/121, “Мауахиб әл-жәлил” 1/356, “Хуләса әл-фиқһия” 42. Ал бірінші қолдарды, содан кейін бетті сүрту керек деген пікір болса, ол әл-А’маштан риуаят етіледі. “әл-Мухаллә” 1/379.
Шейх ад-Дыбйән барлық пікірлерді келтіре отырып, тааммум алған кезде тәртіпті ұстану уәжіп емес деген пікірді алған, өйткені уәжіп екендігіне дәлел жоқ деген. Негізінде қандай да бір нәрсе тек дәлел негізінде ғана уәжіп бола алады. «Ахкам ат-Тахара» 12/356. 
Алайда, алдымен бетті сүрткен абзалырақ, мұнымен адам күмәнді нәрседен сақтанады, келіспеушіліктен шығады және аят пен хадистерге қайшы келмейді.

Анығын Аллаһ біледі!

Саламатсыздар ма? Таң намазында қанша ракат сүннет, қанша ракат парыз бар? Бес  уақыт намаздың барлык сүннетi мен парызын жазуларыңызды сұранамын. Аллаh разы болсын!

Гүлнұр

Сәлеметсіз бе, Гүлнұр! Таң  намазы 2 сүннет, 2 парыздан тұрады.   Бесін намазы  4 сүннет, 4 парыз және 2 сүннеттен тұрады.   Асыр  намазы 4 парыздан, ал     ақшам намазы 3 парыз, 2 сүннеттен,  құптан намазы  4 парыз, 2 сүннет,   3 үтір уәжібтен тұрады. 

Сәлеметсіздер ме?! Менің  намаз оқығым келіп жүр. Сіздер  менің почтама әйел кісілердің намаз оқу үлгісі және дәрет алу үлгісі туралы кітап жібере аласыздар ма?

Айдана 

Сәлеметсіз бе, Айдана! Әйел кісілерге арналған намаз оқу үлгісі төмендегі сілтемеде көрсетілген.  http://hibatulla.kz/ru/art_24.html