Ислам асыл дініміз

Ассаламуалейкум! Мен намазға жығылайын деп едім. Бірақ, жұмыс уақытындағы намаздар қинап тұр.  Қандай амалы бар? Рахмет.

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатуһ. Бес уақытты орнымен уақтылы оқығанымыз дұрыс. Шамаңыз келгенінше уақтылы оқисыз. Ал уақты өтіп кеткен намаздарыңыз болса, уақтыңыз болғанда қазасын орындайсыз. Қаза дегеніміз уақтында оқи алмаған намаздарды қайта оқу. Мүмкін болса өткізіп алмаңыз.

Әссәләму әлейкум уа рахматуллаh!Намазда тұрғанда ойға дін жайлы немесе тозақты, жәннатты, қабірді, өлімді, шахид боп өлгенді қиялдап кетсең  намаз бұзылады ма? Намазда артың ашылып кетсе сәждеге барар кезде шалбарыңды көтерсең  намаз бұзылады ма?

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатуһ. Адам баласының ойы шексіз екені мәлім. Пенде болғаннан кейін намазда да еріксіз санқилы ойдың келуі табиғи жайт.  Мұнда шайтан малғұнның да үлесі жоқ емес. Өйткені, азан айтылып, қамат түсіріліп болғаннан кейін ол намаздағы адамға келіп, жай уақытта ойына келе бермейтін нәрселерін еске түсіріп тұрады екен. Осылайша адам шатасып, қанша рәкәғат оқығанын білмей дал болады[1]. Дегенмен «ифтитах тәкбірін» тартқан кісі, ойын жинақтап, бар ынтасын намазға шоғырландыруға тырысуы керек. Ол үшін  әр қимылда айтылатын тәкбірдің, сәжде мен рукуғта айтылатын дұғалардың мағынасын іштей ұғынып оқыңыз. Бұл ойыңыздың намазға шоғырлануына көмекші болады. Мысалы, «Аллаһу әкбәр» деп тәкбір тартқанда «Алла ұлық» деген мағынасын да санаңызға келтіріп тұрыңыз. Рукуғ пен сәждеде айтылатын дұғаларды да солай мағынасымен түсіне отырып орындаңыз.

Ал өзіңіз айтқандай намаз кезінде ойыңызға қайдағы бір ойлар келетін болса, бұл жағдайда намазды қайта оқудың қажеті жоқ. Еріксіз келіп-кететін ойлардың намазға кедергісі жоқ екенін үмметінеұғындырғысы келген ардақты Пайғамбарымыз: «БіздіңүйдебіркесекалтынбарекенНамаздатұрыпесіметүсті. Оныңертеңгедейінбіздетұрғанынұнатпағандығымнан, таратыптастауынбұйырдым»[2], – деген. Алайда, терең ойға шомып намаздың парыздарын (рукуғ, сәжде, рәкәғаттарды толық орындамау, т.б.) орындамасаңыз, ол намазды қайта оқуыңыз керек. Ал уәжіптерін (екі рәкәғаттан кейінгі әттахият отырысын, қысқа сүрелерді оқуды, т.б.) ұмытып кетсеңіз, намаз соңында сәһу сәжде жасайсыз.

[1] Фатхуль Бари би Шархи сахихиль Бухари, Китабуль амаль фис сала – 1164- хадис.
[2] Фатхуль Бари би Шархи сахихиль Бухари, Китабуль амаль фис сала – 1163- хадис.

Ассалаумалейкум уарахматуллахи уа баракату! Сапарда  парыз намазы оқылады да,  ал сүннет намазы оқыла ма?

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатуһ.Уақтыңыз жеткілікті сіздің уақтыңызды ұстамаса сүннетті орындағаныңыз жөн.

 

Ата-анасы қарсы болса да намаз оқуға бола ма?

Ешбір адам намаз оқығанға қарсы болмайды. Егерде оны біз жақсы түсіндірсек. Баласының тура жолда жүргеніне ата-ана қарсы болмайды.

Мен намаз оқығым келеді. Бірақ сабақ уақыттарына байланысты 5 уақыт емес, 3-4 уақыт қана оқи алады екенмін. Не істесем болады? Алғаш оқып үйренушілер не істеуі тиіс?

Бес уақытты орнымен уақтылы оқығанымыз дұрыс. Шамаңыз келгенінше уақтылы оқисыз. Ал уақты өтіп кеткен намздарыңыз болса уақтыңыз боғанда қазасын орындайсыз. Қаза дегеніміз уақытында оқи алмаған намаздарды қайта оқу. Мүмкін болса өткізіп алмаңыз.

Маған Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың дүйсенбі, бейсенбі күндері ұстаған оразасының дұғаларын толығымен,  қазақша мағынасымен бірге жазып жібересіздер ме?

Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстауы нәпіл сәресіде «Ниет еттім нәпіл ораза ұстауға дейсіз». Кешке ауыз ашарда «Ұстаған оразамды қабыл ет», - деп ауыз ашасыз.

Сіздерге Алла Тағаланың разылығы болсын! Сіздер халықты жат ағымдардан сақтандыру үшін үгіт насихат жүргізетіндеріңіз мені қуантады, бірақ асыл дінімізді де тек мешіт пен БАҚ арқылы ғана емес, имамдар ел аралап, насихаттаса дұрыс болар еді. Өйткені қарапайым ел иман келтіргенімен парызды жақсы түсінбейді ғой. Намаз- әркімнің қалауымен оқуына болатын нәрсе деп қана қарайды. Діни ағарту жұмыстарымен халық арасына имамдар насихат жүргізсе, сөз жоқ Алла Тағаланың алдында үлкен сауапқа кенелер еді, қоғамға қарап жүрегім ауырады. Мешітке бармаған адамның Алланы танымайтыны хақ. Өзім ұстазбын. Бірақ бүркеніп жүруге жұмыста рұқсат етпейді. Алла Тағаладан жай уақытта бүркенбегенім үшін намаз оқығанда кешірім сұраумен боламын (намазда бүркенемін). Менің намазым қабыл болады ма?

Имамдар қолдарынан келгенше үгіт насихат жасауда. Қандайда салихалы іс болсын бір Аллаһ қабыл етеді деп үміт етеміз,  ешкім қабыл болмайды деп айта алмайды.

Қызылордадағы емші бала турасында қасиетті дініміз не дейді? Елдің бәрі ағылып жиған тергенін жинап, Қызылордаға ағылуда. Тоқтау салуға сіздерден амал жасауға болмай ма? Халық адасуда, баланы тіпті «пайғамбар» деп атаушылар кездесіпті. 

Тәуіптердің көбі адасқан дұрыс емес. Шариғатта орны жоқ. Көпшілігі жын-шайтанмен байланыста болады. Ал Құранның сүрелерімен емдесе, дем салса болады.

Әссәләму әлейкум! «Хашр» сүресін мен таң  намазынан кейін және Аср намазынан кейін оқимын яғни кешкі  дұғаларды аср намазынан кейін оқимын. Әлде шам намазынан кейін оқу керек пе?

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатуһ. «Хашыр» сүресінің соңғы аяты  таң және ақшам намазынан кейін оқылады.

Әссәләму әлейкум уа рахматуллаh! Құранды қалай оқыса мағынасы бұзылмайды және қалай оқыса бұзылады? Мысалы "Ъазыйм" ягни "ع" әрпін қоспай «Азыйм»  десе бұзылады ма?

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатуһ.  "ع" әрпі тамақтан шығады. Егер шығара алмаса «А» әрпіне жақындатып оқу керек. Мағына бұзылмайды.