Ислам асыл дініміз

«Ясин»  суресінің оқылуы мен мағынасы керек еді. 

Бисмилляхир_рахмаанир_рахиим 
(1) Ясиин ; 
(2) уаль кураан ил хакиим ; 
(3) иннака ламин ал-мурсалиина 
(4) ъалаа сираатъим мустакъиим. 
(5) танзиил алъазииз иррахъиими 
(6) литунЗира каумам маa унЗира абаа-ухум фахум 
гаафилуун 
(7) лакъод хоккал каулу ъалаа акСарихим фахум лаа 
ю-минуун. 
(8) иннаа джаъалнаа фии аънаакихим аглалан фахия 
илалаЗкъаани фахум мукмахуун. 
(9) уа джаъалнаа мим байни айдиихим саддау уа мин 
халфихим саддан фа-гшайнаахум фахум лаа юбсируун. 
(10) уа сауаа-ун ъалаийхим а-анЗартахум ам лам 
тунЗирхум лаа ю-минуун. 
(11) иннамаа тунЗиру ман иттбаъаЗЗикра уа 
хашийарахмаана билгайби фабашширху бимагфиратиу уа 
аджрин кариим. 
(12) иннаа нахну нухйи л-маута уа нактубу маа каддамуу 
уа ааСаарахум, уа кулла шай-ин ахсайнаахуу фии имаамим 
мубиин. 
(13) уадриб лахум маСалан асхааба алкаряти иЗ джаа-ал 
мурсамуун. 
(14) иЗ арсалнаа илаихимуСнайни факаЗЗабуухумаа, 
фаъаззазнаа биСаалиСин факаалуу: иннаа илаикум 
мурсалуун. 
(15) каалуу маа антум иллаа башарум миСлунаа уа а маа 
анзаларахмаану мин шай-ин ин антум иллаа такЗибуун. 
(16) каалуу : раббунаа яъламу иннааа илайкум 
ламурсалууна 
(17) я маа ъалайнаа иллалбалаагулмубиин. 
(18) каалуу инна тоттаярнаа бикум, ла-ил лам тантахуу 
ланарджуманнакум уа лаямассаннакум миннаа ъаЗаабун 
алиим. 
(19) каалуу таа-ирукум маъакум, а-ин Зуккиртум бал 
антум каумум мусрифуун. 
(20) уа джаа-а мин аксалмадиинати раджулуй ясъаа; 
каала яа каум иттабиъу лмурсалииин. 
(21) иттабиъуу мал лаа яс-алукум аджран уа хум 
мухтадуун. 
(22) уа маа лия маа аъбуду ллаЗии фатарании уа илайхии 
турджаъуун. 
(23) а-аттахиЗу мин дуунихии аалихатан, ий 
юриднирахмаану бидуррин лаа- 
тугнии ъаннии шафаъатухум шай-ан уа лаа юнкъиЗуун. 
(24) иннии иЗал ла-фии дъалаалим мубиин 
(25) иннии ааманту бираббикум фасмаъуун. 
(26) киила дхулил джанната ; каала : яа лайта каумии 
яъламуун
(27) бимаа гафара лии раббии уа джаъалании мин 
алмукрамиин. 
(28) уа маа анзалнаа ъалаа каумихии мим баъдихии мин 
джундим мин ассамаа-и уа маа куннаа мунзилиин. 
(29) ин каанат иллаа сайхатау яхидатан фахум 
хаамидуун. 
(30) яа хасратан ъалал ъибаад ; маа я-тиихим 
миррасуулин иллаа кануу бихии ястази-уун. 
(31) алам ярау кам ахлакнаа каблахум мин алкурууни 
аннахум илаихим лаа ярджиъуун. 
(32) уа ин куллул ламмаа джамииъул ладайнаа мухдаруун. 
(33) уа ааятул лахум улардул майтату : ахяйнаахаа уа 
ахраджнаа минхаа хаббан фаминхуу я-кулуун. 
(34) уа джаъалнаа фиихаа джаннаатим мин нахиилин уа 
аънаабин уа фаджджарнаа фихаа минал ъуюун. 
(35) лия-кулуу мин Самарихии уа маа ъамилатхуу 
айдиихим афалаа яшкуруун. 
(36) субхаана ллаЗии халакал азуааджа куллахаа миммаа 
тумбитул арду уа мин анфусихим уа миммаа лаа яъламуун. 
(37) уа ааятул лахумул лайлу, наслаху минхун нахаара 
фахум музлимуун. 
(38) уаш шамсу таджрии ли-мустакаррил лахаа Заалика 
такдиирул ъазиизил ъалиим. 
(39) уал комара каддарнаахуу маназила хаттаа ъаада 
калъурджуунил кадиим. 
(40) лаш шамсу ямбагии лахаа ан тудрикал комара уа 
лаллайлу саабикун нахаари уа куллун фии фалакий 
ясбахуун. 
(41) уа ааятул лахум аннаа хмалнаа Зуррийятахум 
филфулкил машхуун. 
(42) уа халакнаа лахум мим миСлихии маа яркабуун. 
(43) уа ин наша- нугрикхум фалаа сарииха лахум уа лаа 
хум юнкаЗууна 
(44) иллаа рахматам миннаа уа матааъан илаа хиин. 
(45) уа иЗаа киила лахум уттакуу маа байна айдиикум уа 
маа халфакум лаъаллакум турхамуун. 
(46) уа маа та-тиихим мин ааятим мин ааяати раббихим 
иллаа каануу ъанхаа муъридиин. 
(47) уа иЗаа киила лахум унфикуу миммаа 
разакакумуллах, кал аллЗиина кафаруу лиллаЗиина 
аамануу : а-нутъиму мал лау яшаа-Аллаху атъсмаху, ин 
антум иллаа фии далаалим мубиин. 
(48) уа якулууна матаа хаЗал уаъду ин кунтум 
саадикиин. 
(49) маа янЗурууна иллаа сайхатау уахидатан та-хуЗухум 
уа хум яхиссимуун. 
(50) фалаа ястатииъууна таусиятан уа лаа илаа ахлихим 
ярджиъуун. 
(51) уа нуфиха фис суури фахум минал адждааС илаа 
раббихим янсилуун. 
(52) каалуу яа уайланаа мам баъаСанаа мим маркадинаа ; 
хаЗаа маа уаъадар рахмаану уа садакал мурсалуун. 
(53) ин каанат иллаа сайхатау уахидатан фа-иЗаа хум 
джамииъул ладайнаа мухдаруун. 
(54) Фаляума лаа тузламу нафсун шай-ан, уа лаа 
туджзауна иллаа маа кунтум таъламуун. 
(55) инна асхаабал джаннатил яума фии шугулин 
фаакихуун. 
(56) хум уа азуаджухум фии зилаалин ъалал араа-ики 
муттаки-уун. 
(57) лахум фиихаа фаакихатуу уа лахум маа яддаъуун. 
(58) салаамун каулам мир раббир рахим. 
(59) уамтазул яума айюхал муджримуун. 
(60) алам аъхад илайкум яа бании аадама ал лаа 
таъбудуш шайтаан ? иннахуу лакум ьадум мубиин. 
(61) уа ан иъбудуунии, хааЗаa сираатум мустакиим. 
(62) уа лакод адалла минкум джибиллан каСииран, афалам 
такуунуу таъкъилуун ? 
(63) хааЗихьии джаханнаму ллаЗии кунтум туъадуун. 
(64) ислаухал яума бимаа кунтум такфуруун. 
(65) аляума нахтиму ъалаа афуааахихим уа тукаллимунаа 
айдиихим уа ташхуду арджулухьум бимаа каануу яксибуун. 
(66) уа лау нашаа-у латамаснаа ъалаа аъюнихим 
фастабакус сираата фааннаа юбсируун. 
(67) уа лау нашаа-у ламасахнаахум ъалаа маканатихим 
фамастатааъуу мудийян уа лаа ярджиъуун. 
(68) уа ман нуъаммирхуу нунаккисхуу фил халкъи афалаа 
яъкъилуун. 
(69) уа маа ъалламнаахуш шиъра уа маа ямбагии лахуу, 
ин хууа иллаа Зикруу уа куранум мубиин. 
(70) лиюнЗира ман каана хъайян уа яхиккол каулу ъалал 
каафириин. 
(71) ауалам ярау аннаа халакнаа лахум миммаа ъамилат 
айдиинаа анъааман фахум лахаа мааликуун. 
(72) уа Заллалнаахаа лахум фаминхаа ракуубухум уа 
минхаа якулуун. 
(73) уа лахум фиихаа манаафиъу уа машаарибу афалаа 
яшкуруун ? 
(74) уаттахаЗуу мин дууниллахи аалихатан лаъаллахум 
юнсаруун. 
(75) лаа ястатииъууна насрахум уа хум лахум джндум 
мухдаруун. 
(76) фалааяхзунка каулахум ; иннаа наъламу маа 
юсиррууна уа маа юълинуун. 
(77) ауалам ярал инсаану аннаа халакнаахуу мин 
нутфатин фаиЗаа хууа хасиимунм мубиин. 
(78) уа дараба ланаа маСалау уа насия халкахуу : каала 
май юхъйил ъизаама уа хия рамиим. 
(79) кул юхйихаллаЗии анша-ахаа аууала марратин уа 
хууа би-кулли халяин ъалиим. 
(80) аллЗии джаъала лакум минаш шаджарил ахдари нааран 
фа-иЗаа антум минхуу тукидуун. 
(81) ауалайсаллаЗии халакас самаауааати уал арда 
бикаадирин ъалаа ай яхлука миСлахум ? балаа уа хууал 
халлаакул ъалиим. 
(82) иннамаа амрухуу иЗаа араада шай-ан ай якула лахуу 
кун фаякуун. 
(83) фасубхааналлаЗии биядихии малакууту кулли шай-ин 
уа илайхии туджаъуун. 

Саламатсызба? Құрметтi редакция! Мухаррам айының   9-шы күнi ораза ұстаған едiм, ендi Мухаррам айының 10-шы күнi етеккiр келiп қалыпты таңертен, сонымен тұтпасам қарыз бола ма?  Қандай  шаралар бар кеңес берсеңiздер екен? Әлде  жалғастыра беруге бола ма?

Сәлеметсіз бе? Себебіңіз болғаны үшін оразаны түске дейін ұстап қойсаңызда себеп келгені үшін бұзылады. Жалғастырмайсыз, тоқтатасыз. Барлығы біткеннен кейін қайта ұстайсыз.

Ассалаумағалейкум имам ағалар! Менің сұрағым: Қызылорда облысынан тәуіп бала шығыпты. Ербосын Серікбаев деген. Жасы 11-де дейді. Осы баладан хабарларыңыз бар ма? Жалпы қалай емдейді? Осы кісілер жайлы шариғатта не дейді?

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатух! Тәуіптердің көбі адасқан, дұрыс емес. Шариғатта орны жоқ. Көпшілігі жын-шайтанмен байланыста болады. Ал Құранның сүрелерімен емдесе, дем салса болар. 

Намазды жасырын оқуға болады ма?

Күнімай

Құдайға шүкір, тұғырлы тәуелсіз арқылы дінімізге, тілімізге қол жеткіздік. Намазды себепсіз жасырын оқуға болмайды. Жаудан қорықса, өміріне қауып төнсе жасырын оқиды.

«Хашр» сүресінің соңғы 3 аятын жазып жібересіздер ме?  Интернеттен таппадым.

Бекжан 

 

Хадис шәрифте: «Таң намазы мен ақшам намазынан кейін Хашр сүресінің соңғы үш аятын оқыған адам шәhид болып өледі» деп айтылған. Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де көрнеуді де біледі. Сондай-ақ Ол, тым есіркеуші, ерекше мейірімді. Ол сондай Алла, Одан баска ешбір тәңір жоқ. Ол патша; Өте Пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк. Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең  көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. 

Мен сіздерден ақыл, кеңес сұрайын деген едім және бұны құпия ретінде сақтауларыңызды өтінемін. Мен білмеймін бұл сұрағыма сіздерден кім жауап беретінін, бірақ маған қажет, өзім ойлай беріп, тіпті шаршап кеттім. Бұл менің болашақ өміріме қатысты. Әрине қыз бала болып өмірге келгеннен кейін аяулы жар, мейрімді ана болуымыз бәрімізге парыз. Маған 7 жылдан бері бір жігіт ғашық, әлі қыр-соңымнан қалмай келеді. Өзі Аллаға сенетін, өмірге құштар, сабырлы адам. Ол жайлы ата-анам алдында білген болатын, сосын оған хабарласып қызымызды мазалама деген болатын, мағанда онымен хабарласпа деп айтқан болатын. Мен онымен солай 1,5 жылдай хабарласпадым. Енді  ол осы күндері маған хабарласып,  қайтадан сөз салып жүр. Енді ол туралы ата-анама айтсам олар менің ойымша қарсы болатын сияқты. 

Балқия 

Сонша жылдан бері сізді сүйіп күтіп сөз салып жүрген жігіт болса әрине екінші (тоқалдыққа) емес шығарсыз. Екінші болсаңыз кейінірек қиналып қаласыз. Бірінші асыл жар сүйікті болсаңыз ата-анаңызға айтып менің тағдырым, көңілім ауып тұр, рұхсат беріңіздер деп айтыңыз. Өзіңіз айта алмасаңыз,  жаңыңызға жеңгеңіз, жақсы туысыңызбен айтыңыз. Адамның тағдырын байлауға болмайды. Мүмкін болса,  жатар алдын 2 бас  намаз оқып, дұға жасаңыз. Оқи алмасаңыз, жатар алдында тек дұға жасаңыз. «Аллаһым маған қайырлысын болашақ өмірімнің жақсылығын ......... бере гөр», - деңіз. Алла жеңілдігін берсін!

Үнді кинолары және махаббат жайлы сериалдар көру харам ба?

Бауыржан 

Ашық-шашық,  ұятты  киноларды көруге тиым салынады. Болмайды.

Жеті атаға дейін үйленуге,  отбасы құруына тиым салған, бірақ жеті атадан асса үйленуге болады деген де сыбыс бар.  Медицина жағын білмедім.  Сіздер бұл сауалыма не дейсіздер?  

Саят

Дінімізде ер кісіге үйленуге болмайтын әйелдер қауымын екі категорияға бөліп қарастырады:

1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:

  • Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпке-қарындастары және  олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және  олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында;  бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарыменде үйленуге болмайды. 
  • Сүт бауырлары: Әйелдің  туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ.
  • Құдандалы туыстар[مُصَاهَرَة)  : Қайын аналары мен әжелері; өгей қыздары мен олардың қыздары және немерелері; өгей ұлдарының қыздары мен немерелері; өз ұлдарының әйелдері мен немерелерінің әйелдері (келіндері);  өгей аналары.

2.  Уақытша үйленуге болмайтындар: Бұл категориядағы кісілермен некелеспеу – уақытша кедергілерге сүйенеді. Кедергілер жойылысымен, некелесу құқы туындайды. Олар:

  • Өзгенің некесіндегі әйелдер. Бір әйел ерімен ажыраспайынша немесе одан жесір қалмайынша өзге еркекпен некелесе алмайды.
  • Иддәт мерзіміндегі әйелдер. Күйеуінен жесір қалған әйел немесе ажырасқан әйелөзге ерге тұрмысқа шықпай тұрып, белгілі бір мерзім күтеді. Бұны шариғатта «иддәт мерзімі» дейді.  Аталмыш мерзімі бітпей, тұрмысқа шығуына тыйым салынады.
  • Апалы-сіңлілі екеуін бір некеде ұстау. Ағайындас апалы-сіңлілерді бірге бір некеде ұстау –харам. Ағайындас апалы-сіңлілер деп мыналарды атауға болады: бірге туған әпке-сіңлілері; әке жақтан әпке-сіңлілері;  нағашы әпке-сіңлілері;  аға-әпкелерінің қыздары  .     
  • Төрт әйелі бар кісі – бесінші әйелді ала алмайды. Оны алу үшін, некесіндегі біреуін талақ етуі шарт. Себебі, шариғатта ең көбі  - төрт әйел ғана алуға рұқсат берілген.
  • Үш талақпен ажырасқан әйел.
  • Өзге діндегі қыз. Бір мұсылман жігіттің өзіне жар еткісі келген қызы – мұсылман   немесе христиан не яһуди дініндегі  қыз болуы тиіс. Бұлардан өзге діндегілерді алуына рұқсат жоқ.   

 

Ал, мұсылман қыз  тек мұсылман жігітке тұрмысқа шыға алады. Өзге діндегілерге күйеуге шығуы тыйым салынады  Өйткені әйел өз еріне тәуелді. Мұсылман емес ері, әйелдің әлсіздігін пайдаланып, оның наным-сеніміне кері әсерін тигізіп, намаз, ораза сияқты діни амалдарын орындауға кедергі жасайды. Оның үстіне дүниеге келген ұрпақтары өзге діндегі әкесінің дініне өтетіні мәлім. Бұл – Исламның мұсылман ұрпағын көбейту түсінігіне теріс. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у):«Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деген.

Қорыта келе айтарымыз,  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - демекші өркениетті қоғамды құрайтын басты фактор - баянды отбасы. Оның баяндылығы мен беріктігі кейбір мәселелерге мән берудің арқасында туындайды. Соның бастапқы қадамы – пәк неке, таза ұрпақ алып келу. Оған қол жеткізу үшін Ұлы жаратушы Иеміздің пенделеріне міндеттеген үкімдеріне аса мән беруіміз керек.Ал жеті ата дегеніміз өз қарындасыңдай қара деген мәселе.және медецинада қан тазару керек немесе неше түрлі мүгедектер дүниеге келеді делінген.

Маған мешітіміздің ұстазы «Бисмиллахир рахманир рахим» деп айту керек Құран оқыганда, ал сол мешіттің  басқа ұсазы «Бисмиллахир рохманир рохим» деу керек деді. «Бисмиллахир рахманир рахим» деп айту қате, дурыс емес деді. Ал басқа ұстазым дұрыс деді. Неге ұстаздар бір-бірінен өзгешелеу сабақ береді? 

Бауырым, араб тілінде «О» деген әріп жоқ. Арабтар «о» деп оқымайды,  дегенімен «о» деп оқығанда мағына бұзылмайды. Әріптер жіңішке және жуан оқылады,  жуан әріптерден кейін кейбіреулер «о» деп оқиды. Жіңішкеде  «ә» деп оқиды. Еш  мағына бұзылмайды.

Менің анам өте көп күнә жасады,мен анамның тозаққа барғанын қаламаймын... Анам үшін бәрін істеймін, бірақ не істеу керегін білмеймін... Не істеуге болады анамды жәннатқа кіргізу үшін?

Ислам 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннәт аналарыңыздың аяқ астында» деген. Ата анаңыздың маңдайлары сәждеге келсін деп уағыз және дұға жасаңыз. Сәтін салып намазға келсе жәннәттық болар. Күнәлары таудай үлкен болса да, кешіруші жарылқаушы бір Аллаһ тағала.