Ислам асыл дініміз

Биыл Рамазан айы қай күндері басталып, қай күні аяқталады?

Ақжол  

Ораза айы маусым айының 17 басталып,  шілде айының 17 күні айт намазы болады. Аллаһ соған жеткізсін.

Тісте пломба немесе коронка болса, дәрет қалай алынады?

Жанат 

Бұрын қалай алсаңыз, солай аласыз ешқандай айырмашылығы жоқ.

Мен тұрмыстамын. Намаз оқуды үйреніп жүрмін. Сыртқа шыққанда боянып,  орамалсыз, бірақ ашық емес, заманға сай киінсе болады ма? Бастысы адалдықта емес пе?

Набира  

Тырнақ бояғанда, дәретке кедергі болмаса кремдерді жағуға дініміз қарсы емес. Орамалмен  заманауи түрде шашыңызды жапқаныңыз дұрыс болады. Тырысқан киімге де дініміз жақсы көзбен қарамайды, сәл кеңдеу кисеңіз жөн. 

«Суфизм» деген түсінік қоғамда неге кері мағынаға айналып кетті?

Сопылық дінімізде бар нәрсе. Бірақ,  діннен ұзақтау адамдар өкінішке орай суфизмді жақсы жағын көрсете алмады. Тек жаман жағын көрсетті. 

Депозитке ақша салуға болады ма? Одан тускен пайданы садақа ретінде берсе, сауапты іс болады ма?

Әлишер 

Ғалымдардың көбі депазиттен түскен ақшаны садақа ретінде тарату керек деп айтуда. Әрине тиісті сауабын аласыз, Алла қаласа... 

Мен колледжде оқитын едім. Сабақ уақытында бесін намазының сүннеттерін оқымай, тек 4 рәкәғәт парызын ғана оқысам болады ма? Сол намаз басында азан шақырмай оқыса болады ма? Қамат қана түсіріп, азан шақырса бар дауысымен шақыру керек, енді не істесем болады?

Мәди 

Уақыт тығыз болғандықтан тек парызды орындасаңыз болады. Уақытыңыз болса сүннетерінде толық оқыңыз. Азан уақытынан өтіп кетсе тек қамат жеткілікті. Шақырсаңыз өзіңіз еститінде шақырсаңыз болады.

«Нәпсі» деген не? Нәпсіге  не жатады?

Нұрсұлтан 

«Кімде – кім Аллаға есеп беруде қорқып, нәпсісін харам болғандардан шектесе, олардың орны – Жәннат!». («Назиғат» сүресі, 40 – 41 аят).

Нәпсі бірнеше баламада келе береді. Олар: жан, рух, қалб т.б. Нәпсі – адамзаттың ең үлкен жауы. Онымен адам аманатқа қиянат, зорлық – зомбылық, ұрлық – қарлық, адам өлтіру мен т.с.с. күнәларға шабытталады. Адам баласы өз нәпсісін жақсы білуі қажет.«Кім өзінің нәпсісін таныса, Алланы танығаны». 

Нәпсінің түрлері:

Нафсул 'аммара - бұйырушы нафсы немесе пенделік жан, бұл тәнді қанағаттандыруға, әрдайым төменгі дәрежедегі шахуаттарға итермелейтін, рухты ақиқаттан алыс, қалың перделермен тұмшалан, оның ішкі басиретін өшіретін күштің көзі.

Нафс-ул лаууама - бұл нафс жасаған жамандықтарын сезінетін, ғафлетте екендігіне өкінетін, әрдайым өзін-өзі сынайтын, қалбтің нұрынан хабар ала бастаған рух. Жамандыкты жаман екендігін біле тұрса да әрі қарай жалғастыруда. Бұған іштей өкініш білдіреді.

Нафс-ул мулхима - бұл нафс жақсы мен жаманды ажырату қабілетіне ие, шабытқа бөленген жан. Аллаһтың көмегі арқасында одан басқа нәрселерден алыстап, құдайлық шабыттарды ала бастайды.

Нафс-ул мутма'инна - қалбтің нұрымен сомдалып, жаман мінез, әдеттерден арылып, көркем ахлақ несіне айналған рух, тыныштанған жан. Толық иман дәрежесіне ие.

Нафс-ур радиййа - бұл халдегі рух өз қалауымен емес, тек қана Аллаһтың қалауын басты нысан ретінде таниды. Риза мақамына ұласқан, нәпсіден толық арылған, кемелдіктің фана (Тәңірде еру, Онда «жоқ» болу) мақамына қарай беттеген рух, қанағаттанған жан. Хаққ ал йақин мәртебесіне жеткен адам.

Нафс-ул мардиййа - өз-өзіне разы болған рух, түсініскен жан. Терең ойлы, рақымды, жомарт, адамды тек Аллаһ үшін сүйетін, өзін-өзі меңгерген, Аллаһтың құтына қауышқан, рухани шабыты арқылы Оның сипаттарын танып, көре алатын адам.

Нафс-ул камила - кемелдікке жеткен, басқаларды да кемелдікке жеткізе алатын адамның рухы. 

Үйде жеке намаз оқыған кезде азан шақырамын ба?

Рүстем 

Азан уақты шығып бара жатса немесе естісеңіз азан  шақыру керек емес. Естімесеңіз шақырасыз, өзіңіз еститіндей дауыста.

Кейбір адамдардың намаз оқып жүріп оқымай кетуәне не себеп?

Талғат  

Біз намазды тастамаймыз, намаз бізді тастайды.  Ниеті  немесе қателіге себепті намаздан ұзақ болады.

Аяғы ауыр кезде намазда қандай жеңілдіктер бар?

Гүлнұр 

Орындыққа отырып оқуға болады. Шамаңыз келмесе, тек парыз намаздарын орындайсыз.