Намаз оқып жүрген әйел адам тек көйлек киіп, орамал тағып жүру керек пе? Шалбар киюге болмайды ма? Өзім базарда жұмыс істеймін. Соңғы кезде саудам болмай қойды. Бір молдаға оқытып көрдік. Оқығанына 15 000 алды. Пайдасы болмады. Қандай дұға бар саудағы?
Айгүл
Шалбар киюге болады. Сіздің айтқаныңыздай оқылу дұрыс емес. Алладан сұрау керек. Іс жүргізетін дұға: бір іске кірскенде (мысалы сауда-саттық,диқаншылық немесе үй салу т.б.) бұл дұғаның көп пайдасы бар: «Раббана әтинә милләдүнкә рахматан уа қайи лана миын әмринә рәшәдә» («Кахф» сүресі, 10-аят). Кімнің ісі жүрмесе әр күні «Истиғфар» дұғасын оқысын және үнемі салауат айтып жүрсін. «Аллаһума салли уа саллим уа бәрик уа ағлиқи уа сақбиқи ажмағин».