Ислам асыл дініміз

Aссаламуалейкум.Мени мазалаган сурак минау еди Жырткыш андардын каскыр,тулки,ит терилери иленип тазаланганнан кейн намазга жарайдыма.Казак халкында каскыр жане тулки терилеринен жасалган кимдер котеп кездеседи гой.Мысалы каскыр ишик,тулки ишик,тулки тумак секилди кимдер копкой

Енлик

Уағалейкум ассалям! Шошқа мен адамның терілерінен басқа терілер иленген болса, таза саналады, намазға жарайды.

Ассалаумағалейкум!Мен бес уақытқа келе алмай жүрмін,себебі жұбайым екеуіміз тұратұғын жатақханада ғұсылдануға мүмкіндік жоқ.Намазға дайынмын,дегенмен намазды бастап алып,ғұсылсыздықтан намазға лайықсыз боп қаламынба деп қорқамын!Рахмет!Алла разы болсын!

Уағалейкум ассалям! Жатақханада тұру ғұсыл алмауға себеп емес. Бөлмеде үлкен тазикке бір шелек су жылытып ғұсыл алып, намазды бастай беруге болады.

Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! имамга сурагым бесін намазын мысалыга алдымен 4 ракат суннет окып, тагы 2 ракат суннетин окып сосын парызды окуга болама ?

Исламбек

Уағалейкум ассалям уа рахматуллаһи уа баракатух! Бесін намазының парыз және сүннеттерін өз тәртібімен оқу керек. Яғни, 4 рәкәт сүннет, 4 рәкәт парыз, 2 рәкәт сүннет.

Cәлеметсізбе? Мен намаз оқысам деген ниетім бар! Бірак қорқамын тастап кетсем күнә болама деп қандай ақыл айтасыз?

Маржан

Ниетіңізге қарай амал істеуге әрекет етіңіз. Ниет Аллаһтың разылығы үшін болса, намазды  тастамайсыз. Ниет дұрыс болу керек.  Алдын ала  «тастап кетсем» деген кері ниет етпеңіз. Олай қорқу шайтанның уасуасы (азғаруы).

ассаламуъалейкум имам ага! кояр сурагым сопылык жайында...биздин наиб муфтидин сопылык жолы ауыр жол устансан оны тауир жол деген макаласын окып едим..жазган макаласы катты унады буган дейин де сопылык жайлы макалаларды окып туратынмын..жанеде биздин елимиздин КМДБ сайттарында да сопылык жайлы тамаша макалалар жазып турады ..содан менин сопылыкка деген ынтызарым артып жур..сауалым:биздин Тараз каласында дурыс багыттагы сопылык жолын устанатын бауырларымыз бар болса ол кисилермен калай жолыкса болады?егер бар болса...

Уағалейкум ассалям! Сопылық жолы ауыр жол екені рас. Бірақ, Қазақстанда  таза, дұрыс сопылық жолын ұстанатын адам жоқ.

кешірініз ер азаматты мазалайтын бір нәрсе ол напси кысса не істеу керек? зинаға жоламау керектігін блемін, сонда напсіні жену үшін күнде орза ұстауым керек пе? от басы құруға жағдай келнкремей тур.

Кез-келген адамды нәпсісі жамандыққа ұрындыруы мүмкін. Бірақ, кез-келген мұсылман жаман нәпсінің құлы болуға лайық емес. Сол үшін көбірек зікір айтып, ораза ұстаса жақсы болады.  Ризық иесі - Аллаһ Тағала. Сондықтан, Аллаһқа тәуекел етіп, жұмыс істеу жолдарын қарастыру керек. Адал жолмен жұмыс істеп, үйленуге әрекет ету керек.

маулит мерекеси кай айдын нешесне откизбексиздер жамагатпен кен дастархан жайып атап отлеме алде жай карапайым ретнде отеме ол куни нестеу парыз немесе уажип суннет,

Саят

Мәуліт кезінде анық істелуі тиіс болған уажіп, парыз амалдар жоқ. Бірақ, Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске алып, зікірлер айтуға, өмірін оқуға, білмейтіндерге Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) туралы айту абзал. 2013 жылдың 3 ақпаны күні, сағат 14:00-де Баласағұн ОКЗ-да қасиетті Мәуліт мерекесіне арналған арнайы кеш өтеді. Кіру тегін.

Ассаламуалейкум! Истихфарды түсінбедім түсіндіріңізші

Бақытгүль

Уағалейкум ассалям! Истиғфар - Аллаһтан кешірім сұрау. Пайғамбарымыз (с.а.у.) күніне 100 рет «Астағфируллаха уа атубу илайһи» деп айтқан. Мағынасы: «Аллаһтан кшірім сұраймын және Оған тәубе етемін». Истиғфар айтудың пайдасы: ризық - несібе  көбейеді, күналар кешіріледі, береке болады, ұрпақ көбейеді. Оған дәлел «Нух» сүресінің 10-12 аяттары:  «(Сондай-ақ оларға): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім. Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады».

ассаламу алайкум! Сізге қоятын сұрақтарым! біз білейміз намаз оқып тұрған кезде қатты даус пен күлсе дарет бұзылады бірақ қамат айтып тұрған кезде күлсе дарет бұзылама? 2 Хауа анамыз шайтанды алданған, шайтанға отирик айтқан экен деген әнгіме болды сол рас па???

Уағалейкум ассалям! Қамат айтып тұрған кезде күлсе дәрет бұзылмайды. Егер намаздың  ішінде қатты күлсе, дәрет те, намаз да бұзылады.

 

«Хауа анамыз шайтанды алдаған, өтірік  айтты» деген әңгімелер еш негізсіз.  Осындай және осыған ұқсас хабарлар исраилаттан келген. Мұндай хабарларға сенуге болмайды.

Ассалам уағалейкум бас имам! Сізге қойғым келген сұрағым, суретке түсуге болады ма????

Бауыржан

Уағалейкум ассалям! Өзін фотоаппаратпен суретке түсіруге және альбомдарда сақтауға, құжаттарға, естелік үшін суретке түсуге болады. Бірақ, ұятты болған суреттерді түсіруге болмайды. Ол - харам. Суретті үлкейтіп үйге іліп қоюға да болмайды. Және суретте жанды нәрселерді  қолмен салуға шариғатта тиым салынған.