Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мәдімар ауылы «Мәдімар» мешітінің имамы Жақсылық Күмісбекұлының ұйымдастыруымен ауыл халқы тасаттық намазын оқып, жауын-шашынның көп болуын, ауылдың ауызбіршілігімен егілген егістің жақсы шығуын дұға жасап тіледі.

Өткен аптаның жексенбісінде Байзақ ауылындағы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) өмір жолы туралы «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша байқау өтті.
«Тазалық – иманның жартысы» дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Бұл хадис – әрбір мұсылманның санасына сәуле құйып, жүрегіне иман ұялатар ұлы ұстаным. Көктеммен бірге жаңарып, түрленіп жатқан табиғаттай, адам баласының да айналасын тазалап, жан дүниесін жарқырата түсуі – ізгі амалдың бір көрінісі.
Қаратау қаласы. Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлының ұйымдастыруымен қаламыздың “спорт кешені” атты спорт залында жастар арасында мини футболдан жарыс өтті.
Қасқабұлақ ауылы, "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Асанов Хеурзаның ұйымдастыруымен жамағатқа “уақып - сарқылмас қазына” атты түсіндіру жұмысы өтті.
Сәду Шәкіров ауылында “Таза ауыл – таза ел” атты ауқымды абаттандыру шарасы ұйымдастырылды. Игі бастаманы Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет қолға алып, ауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырды.