«Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 10 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл игі іс мұқтаж жандардың тұрмысына демеу болып, жамағаттың әлеуметтік жауапкершілігін айқындады.
«Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 10 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл игі іс мұқтаж жандардың тұрмысына демеу болып, жамағаттың әлеуметтік жауапкершілігін айқындады.
«Түркісіб» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында игі шара өтті. Іс-шара барысында 13 отбасыға мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарымен толықтырылған сөмкелер табысталды.
«Кеңесхан қажы» мешітінде «Мектепке жол» республикалық науқаны аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 12 отбасыға мектепке қажетті жабдықтар мен сөмкелер табысталды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында «Түркісіб» мешітінің жамағаты сенбілік ұйымдастырды. Игі іске атсалысқан көпшілік жол бойындағы арықтарды қоқыстан тазартып, арам шөптерді жұлып, айналаны абаттандыруға үлес қосты.
«Құлбай баба» мешітінде жамағаттың қолдауымен жаңа кілем төселіп, құлшылық ордасы көркейе түсті. Бұл игі іске жұмсалған жалпы қаражат көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.
«Әл-Әділ» мешітінде «Мектепке жол» науқаны аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 10 отбасыға мектеп сөмкелері табысталып, балалардың жаңа оқу жылына дайындығына қолдау көрсетілді.