«Шейх Зуннун» мешітінде Әйел-қыздар секторының бастамасымен ерекше мәнге ие Құран кеші өтті. Игі шараға діни білімін жетілдіріп жүрген шәкірттер қатысып, қасиетті Құран оқу білімдерін ортаға салды.
Кеш барысында арулар өздерінің ізденісі мен ынтасын паш етіп, рухани білімге деген құлшыныстарын көрсетті.
Іс-шара соңында қатысушы барлық қыз-келіншекке алғыс хаттар мен Құран кітаптары табыс етілді. Бұл – олардың әрі қарай да білімін шыңдап, рухани жолын нығайтуына үлкен демеу болмақ.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.