#Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

#Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде игі дәстүр жалғасын тауып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, 7 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік табысталды.

Көмек алған тұрғындар мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін арнады. Қайырымды іске жұмсалған жалпы қаражат көлемі 140 000 теңгені құрады.

Жергілікті халықты қолдауға бағытталған мұндай шаралар қоғамда мейірімділік пен өзара қамқорлықтың арта түсуіне ықпал етеді.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: