«Дарқан дала» жобасы аясында Шу ауданының ақсақалдары аудан әкімшілігінің қолдауымен еліміздің киелі орындарына – Арыстанбаб пен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиарат етті.
«Дарқан дала» жобасы аясында Шу ауданының ақсақалдары аудан әкімшілігінің қолдауымен еліміздің киелі орындарына – Арыстанбаб пен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиарат етті.
«Ән-Нағим» мешітінде «Исламдағы көркем мінез» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Шараға ұстаз Айнұр Мусабекова қатысып, келген аналар мен шәкірттерге көркем мінездің адам бойындағы ең асыл қасиет екендігін түсіндірді. Ол – Ислам дінінің маңызды тіректерінің бірі екендігіне ерекше тоқталды.
«Асым ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында бір бас қой сойылып, еті әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж 5 отбасыға таратылды. Сонымен қатар әр отбасыға күнделікті қажетті азық-түлік табысталды.
«Хаджи Тамаль» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Кәсіпкер азаматтың демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен 9 отбасыға азық-түлік таратылып, тұрмысына қолдау көрсетілді.
«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде қайырымдылық шарасы өткізіліп, мұқтаж 3 отбасыға азық-түлік таратылды. Бұл игі іс жамағаттың қамқорлық пен мейірімділікке үндейтін дәстүрін жалғастырды.
«Айсұлу ана» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа палау таратылды. Бұл шара жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, мешітке жиналған қауымға қуаныш сыйлады.