Тараз қалалық «Әбу-Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны орын алды. Шара аясында жаңа оқу жылы қарсаңында 60 оқушыға мектеп сөмкелері табысталды.
Қоғамдық маңызы зор бастама балалардың қуанышына себеп болып қана қоймай, ата-аналарға да үлкен қолдау көрсетті. Жергілікті жамағат пен мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан бұл акция әлеуметтік жауапкершілікті арттырудың жарқын үлгісіне айналды.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Қазан 2025
4 Джумада-авваль 1447

