«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде жамағаттың қолдауымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, арам шөптері жұлынып, көгалдандыру жұмыстары атқарылды.
«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде жамағаттың қолдауымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, арам шөптері жұлынып, көгалдандыру жұмыстары атқарылды.
«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде имам Амангелді Ембергеновтың бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Арнайы клининг қызметі шақырылып, мешіттің дәретханасына толық тазалық жасалды.
«Шейх Зуннун» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, бір бас қой сойылды. Оның еті әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж 4 отбасыға жеткізіліп, сонымен қатар күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік те табысталды.
«Түркісіб» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында игі шара өтті. Іс-шара барысында 13 отбасыға мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарымен толықтырылған сөмкелер табысталды.
«Асым ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 7 отбасыға азық-түлік пен ет таратылды. Бұл игі іске жалпы 300 000 теңге қаражат жұмсалды.
«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтың демеушілігімен медресеге «Әт-Тәфсир Әл-Тунир» атты оқулықтың 18 данасы уақып етілді. Бұл игі іске жалпы 108 000 теңге қаражат жұмсалды.