ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданының әкімі Жалғас Әлижанұлымен дидарласты.
Кездесу барысында облыстың бас имамы аудан әкіміне Жуалы ауданына тағайындалған жаңа бас имамды ресми түрде таныстырды. Сондай-ақ, өңірдегі діни ахуал жайы талқыланып, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру мәселесі сөз болды.
Тараптар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен жамағатқа игі үлгі көрсету жолында өзара ынтымақ пен әріптестікті нығайтуға уағдаласты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі