ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданына арнайы ат басын тіреді.

Орталық «Толымбайтегі Зиятбек» мешітінде жамағатпен бірге жұма намазын өткізіп, мәнді де мағыналы уағыз айтты. Бас имам уағыз барысында мұсылманның кісілік келбеті, қоғамдағы жауапкершілігі мен отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен насихат жүргізді.

Жамағат асыл дініміздің тәлім-тәрбиесі жайлы ой түйіп, имамға өз ризашылықтарын білдірді. Бұл кездесу Жуалы халқы үшін рухани серпін беріп, жамағаттың ынтымақ-бірлігін нығайта түсті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: