Тәтті ауылының мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары ауылды көркейту және экологиялық тазалықты сақтау мақсатында жол жағасына 50 түп тал отырғызды.
Тәтті ауылының мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары ауылды көркейту және экологиялық тазалықты сақтау мақсатында жол жағасына 50 түп тал отырғызды.
Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жуырда жаңа үйге қоныстанған отбасын зиярат етіп, қуаныштарымен құттықтады. Зиярат барысында имам отбасы мүшелеріне ақ батасын беріп, жаңа шаңырақтарына береке, бірлік және мол ырыс тіледі.
Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірттер арасында футболдан жарыс өтті.
Мыңқазан ауылы «Сиқымбай ата» мешітінің имамы Бейсенов Руслан жамағатқа сауат ашу дәрістерін өткізуде.
Аспара ауылы «Ыбырайым ата» мешітінде жамағатқа «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабынан насихат айтылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының « MUFTIYAT баспасы» басылымдарын таныстыратын арнайы бұрыш ашылды. Бұл бастаманың мақсаты – жамағатқа діни, рухани және тәрбиелік мазмұндағы әдебиеттерді кеңінен насихаттау.