Қордай ауданы аудандық «Қордай» мешітінде аудан имамдары арасында жиын өтіп, жылдық жоспар бекітілді. Жоспар «Ислам және адал қоғам» жылы аясында қабылданып, алдағы атқарылатын діни-рухани жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет бекіткен 4 негізгі бағыт аудан имамдарына жеткізілді. Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу тапсырылды. Жеткізілген негізгі бағыттар мыналар: 1. Ихсан және насихат. 2. Діни оқу-ағарту. 3. Дәстүр және отбасы. 4. Жат діни ағымдардан сақтандыру.
Жиын қорытындысында аудан имамдарына бекітілген жылдық жоспар аясында және ұсынылған 4 бағыт негізінде жұмыстарды бірізді түрде жүзеге асыру тапсырылды. Жаратқан Иеміз ел бірлігі мен рухани тұрақтылық жолындағы игі істерге табыс нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Сәуір 2026
6 Зуль-каада 1447

