Тараз қаласындағы «Түркісіб» мешітінің жамағаты мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы әрі мұқтаж отбасыларға нақты көмек көрсетілді.

Тараз қаласының мешіттерінде жамағатқа бесін және ақшам дәрістері өтуде. Бесін намазының алдында Тәпсір таңдаулысы кітабынан "Әл Әнфәл" сүресінің түсіндірмесі, ал ақшам намазынан соң Ислам әдебі, Ислам ғибадаты және Дін негіздері турасында дәрістер жүргізілуде.
Тараз қаласы Түркісіб алқабында “Түркісіб” мешітінің ұйымдастыруымен Мокаренко орта мектебіне бастауыш сынып оқушыларының қолдануына 6 планшет сыйға тартылды.
Жұма намазынан кейін Тараз қаласының мешіттерінде палау таратылып, “Танты баба” мешітінде айлық дастархан өтті.
Тараз қаласының имамдары қайырымдылық шарасын өткізді. Демеушілердің көмегімен 40 тонна көмір түсірілді. Аталмыш отын қыстың дәл ортасында тағдырдың қиындығын басынан кешіп отырған аз қамтылған отбасыларға таратылды.
«Мойынқұм» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз өтті. Ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай жиналған қауымға уақыптың маңызы мен оның қоғамдағы орны туралы насихат айтты.