Шу ауданының «Жәми» мешітінің шәкірті Таннұр Темірланқызы ауданның бас имамының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Шу ауданының «Жәми» мешітінің шәкірті Таннұр Темірланқызы ауданның бас имамының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Шу ауданының «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Шу ауданының жамағатының демеушілігімен және “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен ерекше игі іс-шара өтті. Іс-шара аясында ауданның мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына қуаныш пен шаттық сыйланды.
Шу аудандық “Төле би” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Ізгі бастама аясында мешіт ұжымы тұрмысы төмен бір отбасыға екі кілем тарту етті. Бұл — мешіт жамағатының мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамға мейірім мен қамқорлық дәнін себуге бағытталған игі қадамының бірі.
Шу ауданында кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен 5 отбасыға арналған игі іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қажетті тұрмыстық көмек көрсетілді.
Жуалы аудан имамы «Алатау» мешітіне арнайы барды. Ауданының бас имамы Тұрдыбайұлы Есет және Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ»-нің Жуалы ауданы бойынша инспекторы Маратбекұлы Рамазан, Қызыларық ауылдық округінің ауыл әкімі Марат Сайлауұлы Қасымбеков мешіттің жағдайын көрді.