Шу ауданына қарасты “Төле би” мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға азық-түлік пен тұрмыстық қажетті заттар жеткізілді.
Шағбан айының қарсанында өткен қайырымдылық істі мешіт көмекшісі Ибрагим Жалалиев табыстап, мешіт имамының сәлемін жеткізді. Бұл игі іс мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы өзара көмек пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталды.
Көмек алған жанұялар алғыстарын білдіріп, ризалықтарын жеткізді.
Шу аудандық “Шу” мешітінің баспасөз қызметі.



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

