ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан аудан имамдарына алғыс хаттар табысталды.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан аудан имамдарына алғыс хаттар табысталды.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Халал анық, харам анық. Екеуінің арасында күмәнді істер бар» – деп, мұсылман баласын әр ісінде жауапкершілік пен сақтыққа шақырған.
Қордай ауданында ҚМДБ-ның «Қордай Құран қариларын дайындау орталығы» демеушілігімен, Қордай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен, «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Жамбыл облысы имамдары арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті.
Тараз қаласындағы «Әл-Әділ» мешітінде қасиетті Исра-Миғраж оқиғасына арналған рухани-танымдық іс-шара өтті. Аталған басқосу мешіт ұстазы Амиреева Ләззаттың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жайсан ауылының “Жайсан” орта мектебінде “Тәрбіп - тәрбие бастауы” тақырыбында ауыл имамы Қыдырбек Сисенов бастауымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара оқушылардың бойында жауапкершілік, әдептілік және өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті.
Шу ауданы Сауытбек ауылы “Асайын Кәлпе” мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында “Дін және заманауи қоғам” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.