#Шу: «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өтті

#Шу: «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Шу қаласында пайдалану локомотив депосының қызметкерлері арасында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Тоғай» мешітінің имамы Жанат Сагитов Бадақұлы, Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша арнайы бөлімінің басшысы Мырзабек Смаилов Жұмабекұлы, сондай-ақ Шу қаласы әкім аппаратының бас маманы Ғалия Қақпанбаева қатысып, кездесу мазмұнын байытты.

Жиында ұлттық құндылықтардың жойылуы, отбасыдағы ажырасу мәселесінің көбеюі, сондай-ақ дінді бұрмалау арқылы жалған ақпарат таратылып, қоғамды өзгерту әрекеттері туралы жан-жақты сөз қозғалды. Қатысушылар осы мәселелердің алдын алу, жастарды дұрыс діни түсінікке тәрбиелеу және отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасты, тәжірибе бөлісті және қоғамдағы жат ағымдардың зиянына қарсы күрес жолдарын талқылады. Осындай шаралар қоғамдағы рухани тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарды қорғауға маңызды серпін береді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: