Шу қаласындағы «Төле би» мешітінде Әйел-қыздар жамағатты бір арнаға тоғыстырған тағылымды іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әйел қауымы бір-біріне хадия сыйлап, ізгі ниет пен сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл күй орнады.
Аталған шараның тағы бір маңызды сәті — мешітке жаңа ұстаз Гүлжан Сағындыққызын салтанатты түрде қарсы алу болды. Жамағат ұстазға ақжарма тілектерін білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Жаңа ұстаздың келуі мешіттегі рухани-ағартушылық жұмыстардың одан әрі жандануына ықпал етпек.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

