Қордай: Әскери бөлім сарбаздарымен рухани-танымдық кездесу өтті

Қордай: Әскери бөлім сарбаздарымен рухани-танымдық кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында Отар ауылы «Ұлан» мешіті молдасы Оразалиев Қанаттың қатысуымен 21450 әскери бөлімінің сарбаздарымен жауынгерлік рухты көтеруге арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Оразалиев Қанат сарбаздарға Отанды сүю, елге адал қызмет ету, жауапкершілік пен тәртіптің маңызы жөнінде түсіндірме жүргізді.

Ол өз сөзінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) мына бір хадисін мысалға келтірді: «Шекарада бір күн күзетте тұру – дүниедегі бір ай нәпіл ораза мен намаздан қайырлы». Бұл хадис арқылы Отанды қорғау мен ел тыныштығын күзету – үлкен сауапты іс екені айтылды. Кездесу сарбаздарға рухани серпіліс беріп, әскери қызметтің мән-маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.

Мұндай шаралар жауынгерлердің отансүйгіштік рухын нығайтып, жауапкершілік сезімін арттырады. Алла Тағала елімізге тыныштық, сарбаздарымызға қызметтерін абыроймен орындауға күш-қуат берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: