«Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есбол жамағатқа «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Насихат барысында уақыптың исламдағы орны мен қоғамға тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді.

«Достық» мешітінің имамы Пирназаров Бауыржан «Исламдағы уақып» тақырыбында қысқаша насихат айтты. Уақып – Алла разылығы үшін мал-мүлікті қоғам игілігіне арнап, сауабы үздіксіз жалғасатын қайырлы іс екені түсіндірілді.
Жастарға арналған рухани кездесу ұйымдастырылып, «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында насихат айтылды.
Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлының тапсырмасымен ауданға қарасты елді-мекен мешіттері қасиетті Рамазан айын қарсы алуға дайын.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық мешітінің жанынан ауыл жастарының бастамасымен және ауыл тұрғындарының қолдауымен асхана салтанатты түрде ашылды.
Қонақжайлық – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл қасиеттерінің бірі. Қазақ «Қонақ келсе – құт» деп, келген мейманды ерекше құрметпен қарсы алған. Бұл – тек дәстүр емес, имандылықтың белгісі.