«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық мешітінің жанынан ауыл жастарының бастамасымен және ауыл тұрғындарының қолдауымен асхана салтанатты түрде ашылды.
Мешіт хатымханасының ашылу салтанатына аудан бас имамы Қожахмет Дәуіт және басқада мешіт имамдары, аудан ақсақалдары, ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ашылу салтанатынан кейін қонақтарға арнайы дастархан жайылды.
Бас имам, осынау игі іс-шараға мұрындық болып, мешіт құрылысына атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

