Меркі: «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Меркі: «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында жастармен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жастарға арналған рухани кездесу ұйымдастырылып, «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында насихат айтылды.

Мешіт ұстазы Еламан Бақытханұлы қасиетті Рамазан айының адам баласын сабырлыққа, тақуалыққа және жауапкершілікке тәрбиелейтінін атап өтті. Ораза – тек аш жүру емес, нәпсіні тыю, жүректі жаман қасиеттерден арылту екені түсіндірілді.

Сондай-ақ, адалдықтың мұсылман жастары үшін басты құндылық екені айтылып, білімде, еңбекте және қарым-қатынаста шынайылық танытуға шақырды. Қасиетті Құран түскен бұл айдың қадірін біліп, уақытты пайдалы өткізуге үндеді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Алла Тағала баршамызды Рамазан айының берекесіне бөлеcін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: