Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлының тапсырмасымен ауданға қарасты елді-мекен мешіттері қасиетті Рамазан айын қарсы алуға дайын.
Бас имамның тапсырмасымен мешіт ауласына, орталық көшелерге Рамазан айына қатысты билбордтар ілініп, намазға келген жамағаттарға ораза кестесі табысталды. Сондай-ақ , мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтарына мән берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

