Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай ауған соғысы ардагерлерінің рухына арнайы Құран бағыштап, дұға жасады.
Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай ауған соғысы ардагерлерінің рухына арнайы Құран бағыштап, дұға жасады.
Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Берсүгір Ермуханбет жиналған жамағатқа "Жат ағым жарға жығады" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Қазақ халқы қашанда «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген даналық сөзді тәрбиенің негізі ұстанымдарының бірі ретінде ала отырып, әр баланы Отанды қорғау жолында барлық қиындықтарға төзе білуге баулып тәрбиелейді.
Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Берсүгір Ермуханбет ауылдық мәдениет үйінде "Адалдық және ізгі қоғам" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл ауданы, Қапал ауылы "Қапал" мешітінде, Бесағаш ауылы "Бесағаш" мешітінің азаншысы Сабыр Азамат мешіт жамағатына "Дін және жастар" тақырыбында кездесу өткізді. Қазіргі таңда жастарымыздың түрлі шайтани секталардың жетегіне еріп кетіп жатқандары аз емес.
Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылы, "Бірлесу-Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбаев жамағатқа "Ықылас - шынайылық" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Ықылас – жүректің кіршіксіз адалдығы, риясыз ниеті және Аллаға деген шынайы құлшылығы.
Жамбыл ауданы, Қапал ауылы "Қапал" мешітінде, Бесағаш ауылы "Бесағаш" мешітінің азаншысы Сабыр Азамат мешіт жамағатымен "Дін және қоғам" тақырыбында кездесу өткізді. Дін мен қоғамның өзара байланысы моральдық құндылықтарды қалыптастыру, рухани тәрбие беру және әлеуметтік бірлікті нығайту арқылы жүзеге асады.