Меркі: Қонақжайлық – Қазақтың қасиеті

Меркі: Қонақжайлық – Қазақтың қасиеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қонақжайлық – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл қасиеттерінің бірі. Қазақ «Қонақ келсе – құт» деп, келген мейманды ерекше құрметпен қарсы алған. Бұл – тек дәстүр емес, имандылықтың белгісі.

Ислам дінінде де қонаққа құрмет көрсету – сауапты амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірсе, қонағын құрметтесін» – деп өсиет еткен.

Осы орайда Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есбол мешітке келуші жамағаттың  діни және дәстүрлі  ілімін арттыру мақсатында дінімізбен дәстүрімізге қатысты болған «Қонақ күту әдебі мен қонақжайлық» турасында сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген жандарға діни кітаптарды сыйға табыстады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: