Мойынқұм ауданына қарасты «Қарабөгет» мешітінің имамы Арсен Құлтаев тарауық намазы барысында жамағатқа «Жақсылықта жарысу» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Мойынқұм ауданына қарасты «Қарабөгет» мешітінің имамы Арсен Құлтаев тарауық намазы барысында жамағатқа «Жақсылықта жарысу» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев қасиетті Рамазан айына орай №2 қалалық аурухана ұжымын арнайы құттықтап барды.
Әйел-қыздар секторының құрылуының 10 жылдығына орай Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «40 парыз» тақырыбында 3 күндік мастер-класс ұйымдастырылды.
Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіті жанында тағылымды рухани кездесу өтті. Іс-шара барысында мешіт ұстазы Жанат Әмірханқызы шәкірттерге насихат айтып, жақсылыққа үндеудің мәні мен маңызы жайында кеңінен түсіндірді.
Жамбыл облысы, Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызының жетекшілігімен шәкірттер Қасиетті Құран Кәрімді толық оқып, хатым жасады. Бұл — білімге деген ықылас пен табандылықтың, сабыр мен тұрақтылықтың айқын нәтижесі.
Әйел жамағатының рухани болмысы мен тәрбиелік құндылықтарын дәріптейтін игі шаралардың бірі – Ақ жаулық күні. Әйел-қыздар секторының құрылуына 10 жыл толуына орай, осы мәнді күн Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен ерекше форматта атап өтілді.