Меркі: «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есбол жамағатқа «Уақып – сарқылмас сауап» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Насихат барысында уақыптың исламдағы орны мен қоғамға тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді.

Имам сөзінде уақып – Алла разылығы үшін мал-мүлікті, дүниені игілік жолына арнап, оны қоғам қажетіне тұрақты түрде пайдалану екенін атап өтті. Бұл – сауабы үзілмейтін сауапты амалдардың бірі.

Насихат соңында жамағат игі істерге үлес қосып, сауапты амалдарда белсенді болуға шақырылды. Алла Тағала жасаған уақыптарымызды қабыл етіп, оны сарқылмас сауапқа айналдырсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: