Мойынқұм ауданына қарасты «Қарабөгет» мешітінің имамы Арсен Құлтаев тарауық намазы барысында жамағатқа «Жақсылықта жарысу» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағызда мұсылман баласының дүниеқоңыздықта емес, игі амалдарда, қайырымдылықта және көркем мінезде жарысуы керектігі кеңінен түсіндірілді. Имам қасиетті Рамазан айы – сауапты істерді көбейтіп, жүректі тазартатын, иманды күшейтетін ерекше мүмкіндік екенін атап өтті.
Сондай-ақ, садақа беру, ата-анаға құрмет көрсету, көрші ақысына мән беру және қоғамға пайда келтіру – нағыз жақсылықта жарысудың көрінісі екені айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

