Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев қасиетті Рамазан айына орай №2 қалалық аурухана ұжымын арнайы құттықтап барды.
Медицина қызметкерлеріне «Рамазан тәттісі» салынған себет табысталып, халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген абзал жандарға ризашылық білдірілді. Бас имам өз сөзінде дін мамандары адам жанына шипа сыйласа, ақ халатты жандар адам тәнін емдеп, қоғам игілігі үшін тынымсыз қызмет ететінін атап өтті.
Кездесу барысында аурухана ұжымына береке, жұмыстарына табыс тілеп, қасиетті айдың игілігі мен сауапқа толы болуын тіледі. Игі шара – рухани қолдау мен алғыс білдірудің жарқын көрінісі болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

