Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіті жанында тағылымды рухани кездесу өтті. Іс-шара барысында мешіт ұстазы Жанат Әмірханқызы шәкірттерге насихат айтып, жақсылыққа үндеудің мәні мен маңызы жайында кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында «Жақсылыққа шақырудың өзі жақсылық» қағидасы негізге алынып, әрбір мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі сөз болды. Ұстаз шәкірттерге жақсылыққа шақыру тек сөзбен ғана емес, көркем мінез, ізгі амал және өнегелі іс-әрекет арқылы жүзеге асатынын ерекше атап өтті.Рухани басқосуда шәкірттер имандылық, бауырмалдық және ізгілік құндылықтары жайында тағылымды ойлар тыңдап, өмірлік маңызы зор өнеге алды. Осындай рухани кездесулер жастардың жүрегіне имани серпіліс беріп, ізгілікке бастайтын жолды нықтай түсуге ықпал ететіні айтылды.
Іс-шара соңында шәкірттер өзара пікір алмасып, қоғамда жақсылықты насихаттау әр мұсылманның ортақ міндеті екеніне тоқталды. Кездесу шәкірттерге рухани әсер сыйлап, жақсылыққа үндейтін игі шара ретінде өтілді.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

