Әйел жамағатының рухани болмысы мен тәрбиелік құндылықтарын дәріптейтін игі шаралардың бірі – Ақ жаулық күні. Әйел-қыздар секторының құрылуына 10 жыл толуына орай, осы мәнді күн Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен ерекше форматта атап өтілді. Шәкірттер орамалдың тек сыртқы киім емес, терең мағынасы бар рухани символ екенін жүрекпен сезініп, салтанатты түрде «Ақ жаулық» күнін атап өтті.
Шара барысында шәкірттер бір-біріне сыйлық ұсынып, ақжарма тілектерін білдірді. Әрбір жылы лебізден құрмет пен ізет, аналық мейірімге деген тағзым сезілді. Бұл күн – тек мерекелеу емес, жамағаттың санасына әдеп, ұяңдық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік сабақ болды.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

