Жамбыл облысы, Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Әмірханқызының жетекшілігімен шәкірттер Қасиетті Құран Кәрімді толық оқып, хатым жасады. Бұл — білімге деген ықылас пен табандылықтың, сабыр мен тұрақтылықтың айқын нәтижесі.
Құранмен өткен әрбір сәт шәкірттердің жүрегіне тыныштық сыйлап, имани танымын арттырып, рухани тазалыққа жетелейді. Хатым соңында жасалған дұғада оқылған аяттардың қабыл болуын, шәкірттердің білім жолында берік қадам басып, ізгі амалға берік болуын тілейтін ізгі ниеттер айтылды. Бұл рухани шара жамағатқа Құран оқу мен оны өмірге серік етудің маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Осындай игі басқосулар мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, жастардың рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізіп, жақсылық пен имандылыққа үндейтін тағылымды кездесу болды.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

