МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жұмыр басты пенде болғасын, іңгәлап дүниеге келген сәттен бастап өмір басталды деген сөз. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырды адам баласы қалай қастерлеу керектігін жақсы біледі. Дейтұрғанмен имани тұрғыда ойлансақ барлығы бір Алланың жазымышынан асып кете алмайды. Татар дәм-тұзың таусылғанша нендер қиын соқпақтар жолықпай қоймайды. Әсіресе өн-бойыңнан хал кетіп дәрменің азайған тұста, шекеңнен шыққан суық терді сүртерге ешкім болмаса қиын. Аталарымыздың үнемі тілейтін тілегі «Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер» дейтіні тегін емес.
Бүгінгі таңда көпті толғандырған мәселенің бірі «Қарттар» үйінің хал-жағдайы болып отыр. Түрліше себептермен ата-апаларымыздың қартайып көзінің нұры тайғанда жат босаға тастап кету адамшылыққа сыймас болар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қордай ауданы, Алға ауылында орналасқан «Омар» мешітіде жалпы Рамазанға деген жақсы дайындақтан шетте қалмай, қайта жігерлене дайындалып, қасиетті айды құлшына өткізуде. Оған дәлел ауыл мешітіне арнайы қари шақырылып, тарауих намазында хатым жасап, қасиетті Құраннан  күнделікті бір бөлімнен түсіріп Рамазан айының аяғында тәмәмдауға ниетте.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мұсылман баласының ұлық мерекесі болған қасиетті Рамазан айының келуі өте үлкен қуаныш. 37 жылда бір айналып келетін шілденің аптап ыстығында, өзінің нәпсісін тежеп, жаратушы Алланың парызын өтеуге құлшынып құлшылық қылған құлдың иманына ешкім шүбә келтіре алмас болар. Құлшылығы түзелмей тіршлік оңалмайтынын білген жанның, жандүниесі иман нұрына ғана сусындап, Алланы еске алу мен ғана  жұдырықтай жүрегі тынышталары хақ. Кәрі жас демей тек Алланы ұлықтап, сағындырып жылына бір келген Рамазанды әркім өз әлінше қарсы алатын шығар. Дейтұрғанмен қадірлеу, ұлықтау басқаша.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Күн тәртібіндегі қозғалған мәселелер,аудан,ауыл көлеміндегі  Рамазан айындағы діни ахуал,ораза құлшылығы,тарауық намазы,ауыз ашар,қайырымдылық жұмыстар.т.б Сондай-ақ күн тәртібінде ҚМДБ №22\0462 берілген тапсырмасы қаралды.Яғни,мешіттердің өрт қауіпсіздігі үшін талап етілген  заманауи құрал саймандармен жабдықталуы,төтенше тосын жағдайда атқарылар іс шаралар.Жиналысқа  аудандық төтенше жағдай бөлімінің маманы,майор Қорғанбаев Досбек,аға лейтенант  Қалметов Азиз арнайы келіп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мешіттер тұтастай өрт қауіпсіздігіне орай орнатылатын дабылдағышпен(сигнализация)т.б жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.Жиналыс қорытындысында өрт сөндіргіш ұнтақ,көшіру жоспары,пожарный щитьті  мешіттерге орнату міндеттелінді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында ауыз ашар берілді.
Ауыз ашар аталмыш ауданның орталығындағы «Шаңырақ» мейрамханасында ұйымдастырылып 200 адамға ауыз ашар берілді. Ауыз ашарды өткізуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, Тұрар Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Жадыраев Сұлтаншаріп қажы аудан әкімімен бірлесіп өткізіп отыр. Бүгінгі таңда ауыз ашар беруге әрқандай билік өкілдерінің оң көзқарас танытуы қуантарлық жағдай!.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Аллаһқа сансыз шүкір тәуелсіз елімізде достық шаңырағының астында көптеген ұлттар мен ұлыстар бірге өмір сүреді. Бұл жерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі елеулі екені баршамызға мәлім. Елімізде, оның ішінде Қордай жерінде бауырлас та, діндес дүнген ағайындар шоғырланған. Бүкіл әлем мүсылмандары секілді дүнген бауырларымызда Рамазанға дайындалып, оны сауапты істермен өткізуде.