Алла Қасиетті Құран аятында Рамазан туралы;
Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар. (Бақара сүресі 185 а ) деп үгіт қылады.
Толығырақ...
Күні кеше қасиетті Рамазанның өмірімізден ешбір күнімен түні оған тең келмейтін ең қымбат кезенің өткіздік. Ол әлбетте көкте құрметті жерде қадірлі болған қадір түні. Өмірімізде неше күліп өткізген,не ұйқысыз атырған таңдарымыз бар.Бірақ бұл түн бәрінен де ерекше,әрбір сауапты ісін мың айлық өміріне жетердей қазыналы,ырысты.Аудан көлемінде бұл түнді жұртшылық бей-жай жіберген жоқ.
Толығырақ...
Аудандық Ішкі істер бөліміне қарасты күзет қызмет басқармасының және аудандық «Толымбайтегі Зиябек»мешітінің ұйымдастырумен аудандық қазынашылық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында Суицид тақырыбында,яғни өмірдің құны қасиеті тұрғысында семинар өткізілді.Рамазанның қасиетті күндерінде бұл пікір алмасу көп пайда әкелді.Семинар барысында сөз алған взвод командирі полиция аға лейтенанты Артаев Бердіхан қазіргі күнде орнығып отырған күзет басқармасындағы қызмет етіп жүрген азаматтардың арасындағы өз-өзіне қол жұмсау көбейгендігін әңгіменің өзегіне айналдырды.Сөз барысында аудан имамы Кенжемолдаев Алмас Рысханұлына сөз беріп,шариғат тұрғысында өмірдің құнын түсіндіріп беру үшін сөз берілді.
Толығырақ...
Мінекей көптен асыға күткен құт айы Рамазан да өзінің соңғы күндерін өткізіп, қасиетті мол Қадір түніне жеттік. Қадір түні - ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні.
Толығырақ...
Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадыр түні. Қадыр түні - бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдрет» мағынасы да қамтиды Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды.
Толығырақ...
Рамазан Алла тағаланың берекеті мен ризығы молынан берілетін ай. Исі мұсылманның Рахманға деген махаббатының артып, иман нұрларының теңіздей таситын айы. Қасиетті айдың шуағы шашылғаннан бастап екі дүние сәруары сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) ерекше жомарттылық танытып, жоқ-жітіктерге қол жәрдемін аямаған.
Толығырақ...