Бір келіншек мешітімізге келді. Мен мешіт ауласында жүрген едім. Алғашында мен оны бір қазақ келіншек екен деп ойладым. Онымен амандасып едім, маган келіп орысшалап дін қабылдайын деп едім деді. Мен алағашында түсінбедім. Өйткені, киген киіміне қарасан, орамал таққан, ұзын киінген, әурет жерлері жабық.
Толығырақ...
Қордай аудандық ішкі істер бөлімінде аудандық ұлттық қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен жат ағымдармен күрес жөнінде жиын болып өтті. Жиналысқа ІІБ аумақтық инспекторлары, ІІБ басшылары, ҰҚК аудандық басқармасының қызметкерлері, аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы, дінтану магистрі Жандосұлы Дәуренбек қатысты.
Толығырақ...
Алланың адам баласына сынағы әр-түрлі. Біреуге нәубет берсе, біреуге дәулет береді, біреуге байлық берсе, біреуге жарлық береді. Сол сынақтарға адам баласы шыдауға һәм сабыр етуге тиіс. «Бай болсаң тасыма, Кедей болсаң жасыма» деген бабалар ұлағаты да осыны меңзесе керек-ті. Жақында ғана қимастықпен қош айтысқан Рамазан айының біздерге берер бір сабағы жарлы-жақыбайлардың, кедей-кепшіктердің, ауру-сырқаттардың, міскіндердің хал-жағдайын түсінуге шақыратыны белгілі. Дәулеті бар адамды тәубесіне шақыратын және маңайындағы Алланың түрлі сынағын тартып жатқан жандарға жәрдем еткізетін рухани жаңару айы болатын.
Толығырақ...
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген хәкім Абайдың сөзі ақиқатын дәлелдегелі қашан. Барша адамзатқа ілім ретінде һәм бақыт бағдары ретінде Екі әлемнің Сардары болған Пайғамбарымызға (с.ғ.с) түскен Алла сөзі адамзат үшін қашанда құнды, қашанда қастерлі екені әмбеге аян. Ал, осы Қасиетті Құранды оқу сауабы - ұшан теңіз.
Толығырақ...
Қасиетті Рамазан айында Шу ауданы Бөлтірік-шешен мешітінде ұйымдастырылған жазғы лагеръ өз мәресіне жетті,медреседе 10 шақты ер бала, 3 қыз бала оқыды. Осы бір айдың ішінде әріп танымайтын балалар құранға түсіп сүре,хадистер,күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар,намаз,дәрет алу сияқты ислам құндылықтарнынан сусындады.Алған білімдерінен сынақ қабылданып,балаларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Толығырақ...
Бүкіл әлемді жаратқан Аллаһқа мақтаулар болсын! Оның расулы Хз. Пайғамбарымызға салемдер мен салауаттар болсын! Мына біздің Қазақстанымызға Аллаһқа шүкір, бәрі оңынан болып келе жатыр. Бүкіл мұсылманның қуанышы болған рамазан айыда зымырап өте шықты. Бұлда қасиетті айдың кереметі болар. Бұл ораза шіліңгір шілденің кезі демей, барша мұсылман қауым оразасын ұстады. Сол сияқты біздің Талас ауданындада осы рамазан айында талай жақсылықтар жасалынды. Қайырымдылық шараларда өтті.
Толығырақ...