Қасиетті Құрбан айт мейрамының қарсанында өткен іс-шаралар.

Қасиетті Құрбан айт мейрамының қарсанында өткен іс-шаралар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-нің төрағасы бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының  Құрбан айт мерекесін ұлттық салт-дәстүр сай аталып өтіліуін тапсырған болатын және биылғы жыл Дін және дәстүр жыл деп айтқан болатын.

Осыған сай аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен  Жамбыл ауданында мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамы қарсанында аудандық мәдениет үйінде «Құрбан айт құтты болсын» атты мерекелік іс-шара болып өтті.  

Аталмыш іс-шараға  ҚМДБ-ның Жамбыл обылысының өкіл имамы Данияр қажы Әлмағанбетұлы және аудан әкімі Рүстем Дәулет Рысбайұлы, аудандық маслихат хатшысы Бегалиев Рүстем Әлішұлы және ауыл ақсақалдары, ауыл әкімдері, ауданға қарасты мешіт молдалары және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Рүстем Дәулет Рысбайұлы аудан жұртшылығын кележатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтады. ҚМДБ-ның Жамбыл обылысының өкіл имамы Данияр қажы Әлмағанбетұлы:

Құрметті мұсылман бауырлар! Құрбан айтта Ұлы Аллаһ тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Аллаһ Тағала баршамыздың дұға тілектерімізді қабыл етсін, Құрбан айты құтты болсын, ағайын! Бүкіл әлемді жаратқан Аллаһ Тағалла сансыз мақтаулар, соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаһу әлайһи уасалламға Алланың сәлемі болсын!

Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде:

Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрбандыққа шалынған етті қалай таратқаны жөнінде Ибн Аббас деген сахаба: «Пайғамбарымыз шалған құрбандығының үштен бірін – өз отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, ал қалған үштен бірін садақа қылып таратып жіберуші еді»,- деген екен деп сөз алып Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрбан айт мерекесі қарсанында аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламамен ұласып, аудан орталығында орналасқан №10 балалармен жас өспірімдер спорт мектебінде ұлттық ойындардан яғни қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, кір тапсын көтеру, бұқа тартыс, асық ойындары өткізілді. Жамбыл обылысының өкіл имамы Данияр қажы Әлмағанбетұлы ауданға қарасты өлкетану мұражайын аралап аудан тарихымен танысты.

Мереке барысында Жамбыл обылысының өкіл имамы аудандық «Бәйдібек» мешітінде намаз оқып, келген жамағатқа бата берді.

 

Орындаған: Жамбыл ауданы «Бәйдібек»

мешітінің наиб имамы Әмірбеков Әбдіразақ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: