Қасиетті Құрбан айт мерексі

Қасиетті Құрбан айт мерексі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесіндегі Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде 4-5 ші қазан аралығындағы атқарылған іс-шаралар
Қасиетті Құрбан айт мерексі биыл ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті. Арафадан бір күн бұрын мешіттің қызметкерлері Құрбан айттың қарсаңында мешіттің іші-сыртын толығымен тазалап, Құрбан айтқа дайындық жасады. Дайындық жұмыстары алдын-ала пысықталып, айтулы мерекенің барынша ойдағыдай өтуі жан-жақты қамтамасыз етілді.

Дініміздің екі үлкен мейрамының бірі – Құрбан айт мерекесін дәріптейтін ақпараттар,мәліметтер,мақалалар 15 күн бұрын дайындалып, жергілікті газет беттерінде жарық көрді.Мақалада айт мерекесімен қоса құрбандықтын мән-мағынасын, жөн жоралығын түсіндіретін мағлұматтары мен және айт намазының оқылу уақыттары көрсетілді. Қазіргі кездегі хабарландырудың ең озық түрі-сыртқы жарнаманың пайдасы мол.Осындай озық нәрселерді пайдаланып жергілікті әкімшілік өкілдерімен келісе отырып Құлан ауылының Жібек жолы көшесінің 2 жерінде, Мешіттің айналасында «Құрбан айт құтты босын» деген жазулармен құттықтау сөздері ілініп тұрды.


Алдын-ала дайындалған жоспар бойынша мінберге орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы көтеріліп, халыққа уағыз-насихат айтты. Құрбан шалудың тарихы мен маңызына тоқталған ол, бұл амалдың Ибраһим пайғамбардан (ғ.с.) келе жатқан уәжіп екенін тілге тиек етті. Уағыз аяқтақталғаннан кейін сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Әлпейсов Бейсен жиылған жамағатты құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт намазына жиналған халықтың санында есеп болмады. Айт намазы оқылып біткеннен кейін намазға келген жамағат «Сұлтан» орталық мешітінің құрбандық шалатын орнына келді Аудандық «Сұлтан» мешітің салған кәсіпкер Садыков Сұлтан 1 бұқа құрбандық шалды. Барлығы 3 бұқа 7 қой құрбан шалынды. Жылдағы дәстүр бойынша құрбандыққа шалынған малдың еті мен қоса 2 килолық макарондар пакеттерге салынып аудандағы кембағал жандарға, көп балалы жанұяға, өзге ұлыт өкілдеріне де таратылды. Сонымен қатар биылғы жылы «Дін мен Дәстүр» жылы деп жарияланған болатын.Осыған сай Бас имам Сұлтаншәріп қажының ұйымдастыруымен күрес ұйымдастырылып, женімпаздар бағалы сыйлықпен марпаталды.

Аудандық мешіттің бұл игі шарасы үшін жамағат дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Әкімдік берген тізім бойынша жүзге тарта адамға қайырымдылық жасаған аудандық мешіт мұқтаж жандарға қол ұшын созуда көпшілікке үлгі болып келетінін айта кеткен жөн.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер

Т.Рысқұлов ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: