Құрбан айт – мешіттен бастау алатын, сараңдықтан сақтап, жомарттыққа тәрбиелейтін мереке!

Құрбан айт – мешіттен бастау алатын, сараңдықтан сақтап, жомарттыққа тәрбиелейтін мереке!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл айналып, Мұсылман қауымының қастерлі мерекесі – сағындырған Құрбан айт та келіп жетті. Сары алтын күздің ақ таңы атысымен адамдар бұрынғыдан ширақы, бір киер жаңа киімдерін киіп, қала тұрғындары Құрбан айт намазына қатысу үшін мешітке асығуда. Сағындырып жеткен күллі мұсылмандардың Ұлы мейрамы Қасиетті Құрбан айт қазан айының 4-нен басталып 3 күнге жалғаспақшы.

Жамбыл облысының «Һибатулла Тарази» орталық мешітіне таң намазынан халық жинала бастады. Таңғы сағат 7:45 - ден бастап ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев құрбандық жайында уағыp - насихат жүргізді. Құрбан айт намазына  Жамбыл облысының әкімі Көкрекбаев Кәрім Нәсбекұлы, қаланың аппарат басшылары және   т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.

Облыс әкімі Көкрекбаев Кәрім халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, соңынан жамағатпен бірге айт намазын оқыды. Айт намазынан кейін облыс әкімі өз атынан бір бас ірі қара мал құрбан шалды. Өкіл имам дұға қылып: «Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын»,- деп бата берді.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің осы жылды дін мен дәстүр  жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде 300 кісіге дастархан жайылып, 10 мұқтаж жанға және көп балалы аналарға шаңсорғыш сыйға тартылды. Осы мерекеге орай жамағатқа бір күн 10 автобус тегін жүргізілді. Кішкене бүлдіршіндерге батут қойылып, тәтті үлестірілді. Дәстүрге сай күрес, асық ойнау, кір тасын көтеру, қол күрес және де сахналық көріністер жамағатқа тарту етілді. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: