Төле би мешітінде өткен жылдағыдан кұрбан айттың өзешілігі

Төле би мешітінде өткен жылдағыдан кұрбан айттың өзешілігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітінде Айт күні таң намазынан бастап жамағат ағыла бастады, мешіт іші лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай да жатты. Аудан бас имамы Мусаев Қуандық минбарға  шығып құрбандық жайлы және құрбан айт намазы жайлы әсерлі де әсем уағыз айтты. Мешітке келген құрметті қонақтар ішінде Аудан әкімінің орынбасары Еркінұлы Ербол мырза жиналған  халықты ұлы мерекемен құттықтап, Алладан елімізге тыныштық тіледі.

Айт намазынан кейін.  Жиналған халық Төле би мешіттің ұйымдастыруымен айт намазға кеген жамағаттарды тегін тасмалдауға арнайы автобустар жалдады.

Аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары ірі қара малды құрбандыққа   шалды, Төле би мешіті құрбандыққа шалынған еттерді ауылда тұратын 40 жанұяға, яғни, отбасылық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға және аудандық мүгедек балалар бақшасына да кайырымдық жасады  тиесілі азықты үлестіріп берді.

 Ал құрбан айттың үшіші күні Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадисінде келгендей       «Мықты мұсылман әлсіз мұсылманнан хайырлы дегендей» Дін мен дәстүр жылына орай Аудандық мешіттің ауласында спорт шаралары ұйымдастырылды оның ішінде: қол күрес, турникке тартылу, гир тасын көтеру, сертпе (отжимание) және арқан тартысы. Жеңімпаздарға акшалай сылықпен қосымша діни заттар беріліп мақтау қағазбен марапатталды, шара соңында қатысқан жамағатпен көрермендерге дастархан жайылды.

 

Шу аудандық мешітінің

баспа сөз кызметшісі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: