«Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледж студенттерімен кездесу

«Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледж студенттерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында орналасқан «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінде кезекті дін тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге колледж студенттері, ұстаздар және арнайы түрде аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы қатысты. Кездесу  «Ислам діні және өзгерген діндер» тақырыбы аясында болды. Тақырып бойынша Д.Жандосұлы дін бұл халық мәдениетінің, өмірінің негізгі қайнар көзі екендігін айтып, бостандық сүйгіш  қазақ халқының Ислам дінін  қабылдау тарихы жайлы сөз қозғады.

Қазіргі уақытқа тоқталып, қалыптасқан жағдайды түсіндіріп, Ислам дінінің негізгі құндылықтарын ашықтап өтті. Саны көп, аты алуан секталар мен ағымдар жайлы  түсіндірме жүргізіп, олардан сақтану жолы ол тек қана  қоғамның діни сауатын ашу арқылы болатындығын жеткізді. Дін өкілі Д.Жандосұлына түрлі сұрақтар қойылып барша сұрақтарға дәйекті жауаптар берілді.Сұрақ-жауап аясында Д.Жандосұлы қоғамды алаңдатып жүрген суидцит, жихад және т.б маңызды мәселелерге түсіндірме берді. Осы тектес пайдалы  кездесулер  әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: