Жұма намазының қасиеттері

Жұма намазының қасиеттері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазына келген жамағатқа  уағыз айтып намаз өткізді.  «Жұма күні» - күндердің төресі және  Аллаһ Тағаланың қасында ең ұлығы. Жұма күні-Аллаһ Тағала үшін Ораза айты мен Құрбан айтынан да ұлығырақ. Жұманың бес қасиеті бар: Жұма күні Аллаһ Тағала адамды ғ.с жаратты; осы күні адам ғ.с. жерге түсті; осы күні адам ғ.с. қайтыс болды; жұма күні бір сағат  бар, ол сағатта пенде Аллаһ Тағаладан харамнан басқа не тілесе, соны береді; Қиямет жұма күні болады. Сондықтан, періштелер, аспан, жер, жел тау, теңіздер барлығыда жұма күнінен қорқады: Күн шыққан күндердің ең жақсысы – жұма күні. Жұма күні Адам ғ.с. жаратылды. Жұма күні жәннатқа кіргізіліп, жұма күні жәннаттан шығарылды, жұма күні оның тәубесі қабыл болды.

«Тұрғани» мешітінің Молдасы

Рахматулла Кәрімов  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: