Шу ауданындық мәдениет үйінде өтілген құран жарысы.

Шу ауданындық мәдениет үйінде өтілген құран жарысы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ағымдағы жылдың 8 қазан күні Төле би ауылындағы, Шу аудандық мәдениет үйінде Төле би ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі нұсқаушылары және Шу аудандық Төле би орталық мешітінің ұжымының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Діні беріктің – діңгегі бұзылмас!» атты тақырыбында аудан жастары арасында құранды жатқа мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Шу аудандық Төле би орталық мешітінің бас имамы Қ.Мұсаев, Шу қалалық мешітінің имамы Қ.Үрпеков және Алға ауылдық мешітінің имамы Ә.Абдрайымов қазылық етті. Жарысты «Жастар орталығының» маманы М.Атайбеков жүргізді. Жарысқа аудандағы ауылдық, селолық округтерден келген бір топ жастар қатысты. Жарыс бастамасында, сөз Шу ауданы Төле би орталық мешітінің бас имамы Қ.Мұсаевқа берілді.

Алқа мүшелерінің шешімі бойынша 1-орынды Д.Желдібаев, 2-орынды А.Жалалиев, 3-орынды Н.Қадыров иеленді. Ал қалған қатысушыларға жарысқа белсене қатысқаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды. Соңында Төле би орталық мешітінің шәкірті Әділханов Ислам жарысты көруге келген барша көрермендерге батасын берді.

Шу аудандық Жастар ісі

жөніндегі инструкторы

Ж.Иманбаев

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: