МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жұдырықтай жүрегінің лүпілі Алла деп соққан мұсылман баласының бір-біріне қамқор бауырмалдығын сырт көз көрсе таңғаларлығы сөзсіз. Өзге бір жанның жандүниесіне түскен сызатты жақсы сөз айту арқылы сейілтіп, өмірге деген құлшынысына демеу болса, имандылық тұрғыдан жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне сену. Кімде-кім өз қалауымен ақиқатты тануға талпынса оған жәрдемдесу, рухани жан дүниесін байытуға бағдар көрсету білімі бар адамға міндетті. Өзі жеткен жақсылыққа өзгені де шақырып жәрдемдескен жандар қаншама, сол үшін иманды адам жемісті ағаш секілді. Иіліп жемісін берсе, күн түссе көлеңке болар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Журналистерге «Имамнан иман кетті»деп, мәлімдеме жасаған Жанар Боранбаеваның сөзінжала депқабылдағандар қатарында Алматы қаласы орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының тәлімгерлері де бар. «Ар-ожданымыз бен намысымыз тапталды» деген 30-ға тарта тәлімгермешіт қызметкерлерінің әдепсіз қылығын әшкерелеген шәкірттің өзін сотқа беруге қамданып отыр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Бүгін аудандық «Қордай» мешітінде ауыл имамдарының кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа ауыл имамдары, ауданның бас имамы Ә.Шалбай, оның көмекшілері және арнайы Қордай ауданы бойынша ҰҚК бөлімінің қызметкері М.Х Анарқұлов қатысты.  Алғы сөзді Ә.Шалбай өзі алып,  жиналыстың  негізгі мақсаты рамазан айында атқарылған іс-шаралардың қорытындысы,  аз қамтамасыз етілген отбасылардың мектеп жасындағы балаларына көмек, теріс ағымдармен күрес және т.б мәселелер екенін ашықтай өтті. Соңғы мәселе бойынша  ұлттық қауіпсіздік комитетінің маманы М.Анарқұлов арнайы келгеніп хабарлап сөз кезегін  қауіпсіздік қызметінің өкіліне  берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Киелі Қордай жері жақсы істерімен елге танымал екені мәлім. Міне бүгінде аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен игі іс шара ұйымдастырылды. Нақтылап айтсақ «мектепке жол» және «жақыныңа көмектес» екі бірдей  акция атқарылды.  Салтанатты жиынға ата-аналар, мешіт алқа мүшелері, жалғыс басты қариялар, мүгедектер,әкімшілік және БАҚ қызметкерлері қатысты.  

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Білім алу туралы әз пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) "Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
«Әрбір сәби туылғанда дүниеге мұсылман болып келеді, кейіннен оны өсе келе ата-анасы басқа дінде тәрбиелейді», деген еді, Пайғамбарымыз (с.а.у). Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан ислам дінін қабылдаған қаншама өзге ұлт өкілдерін естіп, біліп жатырмыз. Қаншама жан ақиқат дінімен қауышып, жүректеріне тыныштық орнатты.  Бұл да болса ислам дінінің хақтығы болса керек. Қасиетті жұма күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне өзге ұлт өкілдері  келіп кірген еді.