Қарасаз ауылындағы келелі жиын.

Қарасаз ауылындағы келелі жиын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күні кеше Жуалы ауданы Қарасаз ауылының  №6 Александр Пушкин атындағы орта мектептің акт залында тәрбиелік маңызы бар дөңгелек үстел өтті.Жиынға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұратаев Жарас қария ,аудандағы  «Нұр-Отан» партиясының  бірінші орынбасары Үсіпбеков С,аудан имамы Кенжемолдаев А, «Ақментей» медиаторлық қорының басшысы ауыл ақсақалы Аманжол қария, ауыл әкімі Бейсеқұлов Қ,РОВД-ның жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторы Үсіпбеков А,мектеп директоры Нұрқабылов Нуриддин т.б ата-аналар,мұғалімдер,мектептің 9-10-11 сыныбының жүзге тарта оқушысы қатысты.

Жастардың ой-өрісін,дүниетанымын дамытатын бұл келелі жиын әр саланың мамандарының өзара пікірлесумен,қария кісілердің өмірден көрген ғибратты әңгімелерімен,шариғат мамандарының діни тақырыпта түсіндірумен,ата-аналардың ой-пікірімен және де жастардың бұл тақырыптарда бей-жай қалмай үлкендер алдында қысылмай қымтырылмай ортақ ой қосып жатуымен ерекшеленді.

Қозғалған негізгі тақырыптар; Бауыржан атамыздың «Тәртіпке бас иген құл болмайды,Тәрбиесіз ел ел болмайды» деген даналық сөзінің  төңірегінде өрбіді.Адам құқығы, кемелдік тәлім тәрбие,береке-бірлік,елге іріткі салатын діни ағымдардың шығу себебі,діни экстримизмнің алдын-алу,жалпы келешек жастардың ұрпақ тәлімі-тәрбиесі әңгіме тұздығына айналды.

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: